Тайландтағы үңгірде қалып қойған жас футболшылар мен бапкері құтқарылды

Тайландтағы үңгірде қалып қойған жас футболшылар мен бапкері құтқарылды
Фото: virales.saginet.ws

Тайландтағы үңгірде қалып, 2 аптадан бері жатқан 12 жасөспірім футболшы мен олардың бапкері құтқарылды.

Құтқарушылар эвакуация етілген балаларды жасырын есіммен атап жатыр: "Орман қабаны 1", "Орман қабаны 2"... Сонымен бірге бұл балалар білім алатын мектепке де осындай атау қойды және олардың футбол командасы да "Орман қабандар академиясы" деген атпен аталып кетті.

Балаларды сыртқа алып шыққасын жедел түрде Чиангмай ауруханасына алып кетті.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айының соңында балалар футбол командасы бапкерімен бірге мемлекеттің шығысындағы Кхао-Луанг үңгірінде жоғалып кеткен. Іздестіру барысында белгілі болғандай саяхатшылар күшті жаңбыр жауып соның салдарынан шығар есіктер су астында қалғаны себепті үңгірден шыға алмағаны белгілі болған.  Құтқарушылар балалар тірі екенін анықтағанмен олар тек 4 айдан соң, су тартылғасын барып үңгірден шыға алады деп мәлімдеген еді.

Қыдыру-құтқару операциясына Тайланд әскери қызметінен бөлек, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай құтқарушылары қатысқан болатын. Сонымен бірге Илон Маск та өз инженерлерін апат болған орынға жіберіп, ерекше құбыр арқылы балаларды құтқаруды ұсынған еді.

Т. Раушанұлы