Түссіз кока-кола

Түссіз кока-кола
Фото: vk.com

Coca-Cola компаниясы калориясы аз кока-кола шығарды. Жаңа өнім концепциясын атақты компанияның Жапониядағы филиалы ойлап тапқан. Түссіз кока-коланы шығаруға 1 жыл уақыт кеткен.

Coca-Cola компаниясы өз сусындарына қосатын карамельден бас тартып, орнына лимон экстрактын қосу арқылы цитрус қоспасын негізгі құрам ретінде таңдаған. 

Жаңа коланың дәмін тек Жапонияда ғана татып көруге болады.

А. Оралқызы