Бәссаудада – Титаник заттары

Бәссаудада – Титаник заттары
Фото: picsbroker.com

1912  жылы Атлант мұхитына батып кеткен, 1496 адамның өліміне себепші болған Титаник кемесінің кейбір қалдықтары аукционға қойылатыны мәлім болды.

Англияның Henry Aldridge & Son аукцион орталығындағы келесі аптадағы бәссаудаға қойылатын заттар арасында мәзір, пошта маркалары, кеме тарихынан хабар беретін суреттер бар.

Бұлардың арасындағы адамның назарын бірден өзіне тартатын нәрсе – Томас Мудтың “Титаник – әсем кеме, оның жүрісін байқау қиын” деп жазылған пошта парақтары болып тұр. Бәссаудадағы заттар арасынан “Титаник” мәзірінің бағасы  жоғары болады деп күтілуде.

Т. Раушанұлы