Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Күз. Қайда барып демаламын?

Күз. Қайда барып демаламын?

Күз. Қайда барып демаламын?

Жаздың жаймашуақ күндері қимастықпен қол бұлғап артта қалды, ал қытымыр қыстың ең көңілді мерекесі – Жаңа жыл алыстан қолын сермеп шақырады. Жаз айларында демалыс алуға мүмкіндігіңіз болмай қалып, қоңыр күздің күндерінде көңілсіз болып сіз жүрсіз...

Басыңызды көтеріңіз! Ештеңе де кеш емес. Күз маусымында да естен кетпес демалысты өткізуге болады. Жақсы уақыт өткізуге арналған мекендер жазғы демалыс орындарынан көп болмаса, аз емес. Әсіресе, дәл қазір барлық жерде ыстықтың беті қайтып, бағалар түсіп тұр. Сондықтан, бүгін сіздерге күзгі демалысты өткізуге болатын ғажайып мекендер туралы баяндап бермекпіз.

Негізінен, күз маусымының басында демалғыңыз келсе, Еуропа елдеріне барған жөн. Ол жердің ауа-райы барлық қиындықтарыңызды ұмытып, серуендегенге өте ыңғайлы, ауасы жылы, ал табиғаты тіптен тамаша. Сондай-ақ, күзде Еуропа халықтарында көптеген мерекелер мен фестивальдар өтеді.

Испания, Хорватия, Болгария, Көк теңіз жағалауы, Франция, Крит елдері де күзгі демалыс үшін таптырмас мекендер болып табылады. Дәл қазір мұнда ауа-райы өте жылы, бірақ күздің соңғы айларында жаңбыр жиі жауа бастайды. Ал, күздің басында күн қайнап, жағажайлық маусым қалыптасады. Айтпақшы, күзде Испанияда өтетін атақты коррида жарыстарында небір мықтылардың куәгері болып қалуыңызға мүмкіндігіңіз бар.

«Күзде қайда барып демаламын?» деген сауалыңызға жауаптың бірі – Марокко және Тунис елдері бола алады. Жалқаулықтың патшалығы, жұмыссыздық, ертеден қара кешке дейін жалғасатын жағалаудағы өмір, аяқты аспанға көтеріп жату, шат-шадыман думан және асқазаныңыз үшін қайталанбас мереке... Аталған елдердегі демалыс сіздерге осындай рахат өмірді тарту ете алады. Тап бір жаз айларында жүргендей сезімде боласыз.

Бұған қоса, Кипрдің шипалы суында, бар әсемдікті бойына жинаған көлдерінде қалағаныңызша шомылып, армансыз қыздырынумен қатар, қайықпен және катамаранмен серуендеп, бильярд ойнап, кешқұрым киноға, мейрамханаға, би кештеріне баруға болады. Бұл тізімге кереметтей саябақтары бар Черногория елін қосып қойсаңыз өкінбейсіз.

Ыстық сүйгіш ағайындарымызға қайда барамын деп қам жеудің еш қажеті жоқ. Біріккен Араб Әмірлігі сіздердің тілектеріңізді толықтай қанағаттандыра алады. Мұнда әрқашан ыстық (+35 градус) және күн шуақты күндер жиі ұшырасады. 

Грекия елінде аса ыстық болмаса да, қоңыр салқын ауа-райы патшалық құрып тұр. Мұнда бара қалсаңыз, әлем тарихының бастауы саналатын дүниелерге қол тигізіп, мыңға жуық жасы бар көне қалалардың куәгері атана аласыз.

Демалысыңыз қараша айына тап келсе, Үндістан мен Гоа жағажайы сізді құшақ жая күтіп тұр. Мұндағы жаймашуақ ауа райы тек қана жағажайда шомылуға емес, спортпен айналысуға, көрікті жерлер мен құнды ескерткіштерді тамашалауға арналған.

Тізіміңізге Мадейра, Тенерифе және Маврикия жағажайлары мен Мадагаскар, Мальдивы шипажайларын қосып қойыңыз. Бұл шипажайларда емдік қасиеті бар теңіз ауасы тыныс алу жолдары мен жүйке ауруларына таптырмас дауа болады.

Қоңыр күздің көңілсіз күндерінен бір сәт болсын алыстап, естен кетпес демалыс өткізуіңізге тілектеспіз!

Суреттер:bestshtukina.ru,tourismplanet.ru,

indigo-voyage.ru,unextour.ru,jazztour.ru,moymir2.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

3781 5
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 10 қазан 2012, 12:47
Пікірлер
+0
10 қазан 2012, 11:49

БАӘ-не барғыыыыым келеді!!!! :(

+0
10 қазан 2012, 11:54

Шіркііін

+0
10 қазан 2012, 13:26

Алматыда қай жерде демалуға болады соны да жазыңдаршы, шетелге қазір ақша жоқ ))

+0
10 қазан 2012, 19:13

бұйыртса ол да болар... :)

+0
11 қазан 2012, 13:54

бәрін айттй,бірін айт.маған қазір теңізге бару арман болып жүр. Арамыз 1сағаттық жер болсада,биылдыққа теңіздің бетін көрмедім. :cry:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...