Хаски туралы не білесіз?

Хаски туралы не білесіз?
Фото: haski-club.com

Күнделікті көшеде көріп қалатын көк көзді иттердің бәрі хаски емес. Себебі бұл ит еркіндікті жақсы көреді. Ал хаскилер туралы тағы да қызық ақпараттар көргіңіз келсе, көз жүгіртіп шығыңыз. 

Сібірлік «хаски» атанып кеткен иттің түрін Солтүстік-Шығыс Сібірден дала тайпалары әкелген. «Хаски» сөзі алғашында эскимос тайпалары деген ұғымды білдірген. Бұл иттің ерекшелігі ұлпа жүнді, өткір тұмсықты, тік қос құлағымен белгілі. Жегуге арналған иттердің ішінде сібір хаскилері мен арктика хаскилері жылдап әрі төзімді келеді.

1925 жылы бүкіл бір қаланы аман қалып қалған хаски иті туралы естіп пе едіңіз? Ол жалғыз өзі қанша ма жүз шақырым жерден қалаға вакцина тасып, халықты аурудан аман алып қалған. Ал қазір АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Орталық саябақта аталған итке ескерткіш орналған. Тап саябақтың кіре берісінде орналасқан.

Хаски қарауылға қоятын ит емес, себебі олар достық көңіл мен сүйіспеншілікті жақсы көреді. Егерде оның ішінен жабайы мінезін алып шығуға тырыссаңыз, оларды психологиялық ауытқу болады. Ең қызығы хаски мүлде адам тістемейді.

Хаскилердің көзі қоңыр түстен көк түске дейін барады. Хаскилерден мүлде иттің иісі шықпайды. Олар өздерін өте таза ұстайды. Хаскилердің ақ аюға шаба алатынын білдіңіз бе?!

М. Ақан