Жер бетіндегі ерекше жануарлар

Жер бетіндегі ерекше жануарлар
Фото: Вконтакте

Жер бетінде адам баласын таңдандыратын жаратылыстар көп. Солардың бірі жан-жануардың ерекше түрлері. Біз жасап отырған тізімдегі жануарлар мен жәндіктер, құстар әлі де толық зерттелмеген. Сонымен бұл қандай ерекше жануарлар?

Китоглав 
Бұл алып құс дегелек құсына ұқсас келеді, атауы ерекше. Тұмсығының өзгешелігімен танылған. Сирек кездесетін бұл құс ежелгі мысыр мен арабтарда болған. Ал құс туралы нақты ақпарат XIX ғасырдан бастап белгілі болды. 

Umboina Spionsa 
Ешбір құсқа, жәндікке ұқсамайтын бұл құс туралы толық ақпарат жоқ. Себебі оның сыртқы бейнесіне талас көп. Ғалымдар әлі бір мәлімге келмеген. 

Венесуэла көртышқаны
Атауы да жаңсақ берілген бұл жәндік Венесуэла жерінен 2009 жылы табылған. Бұл жәндікке де әлі зерттеу жасалған жоқ.

Көк түсті балық-тоты 
Балық тәрізді, бас формасы тоты ұқсап келетін бұл су асты жануары Атлант мұхитында өмір сүреді. Ол күн сайын 80% уақытын тамақ іздеумен өткізеді. 

Нарвал 
Алып китке ұқсас Нарвал деп аталатын бұл жануардың тұмсығында ұзын тісі бар. Арктикалық суларды мекендейтін түрі ерекше киттің өмір сүру тарихы мың жылға татуы мүмкін дейді ғалымдар.

Молох 
Бұл кесіртке тәрізді жануар шөлді жерлерде өмір сүреді. Ал оның басы екі түрлі құбылады. Жауын көрген кезде суреттегідей түрге енеді. 

М. Ақан