Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / “Наполеон синдромы” деген не?

“Наполеон синдромы” деген не?

“Наполеон синдромы” деген не?

Бүгін – Франция Императоры, француз армиясының ұлы қолбасшысы Наполеон туған күн. Әрине, атақ-даңқы жер-жаһанға мәшһүр тарихи тұлға туралы айтылмаған әңгіме қалмаған секілді. Сол себепті, бүгінгі мақаламызда оның қайда дүниеге келіп, ер жеткені, Франция мен адамзат тарихына қалай әсер еткені жөнінде емес, оның есімімен аталып кеткен ерекшелік туралы сөз қозғамақпыз. Сонымен, "Наполеон синдромы" деген не?

"Наполеон синдромы" — бойы аласа адамдарға тән психологиялық ерекшеліктер жиынтығы. Психологиялық анықтама бойынша бойының аласа болу себебінен олар өздерін тым агрессивті ұстайды екен.

Синдром атауы Франция императоры Наполеон I құрметіне қойылған. Әлемдік мәдениетте Наполеон аласа бойының есесін билік пен жаулаушылық арқылы толтырып отырған деген түсінік қалыптасқан.

Қазір бұл синдромды адамды кемсітуші қоғамдық стереотип ретінде қабылдайды.  

Ал, Наполеонның бойы аласа болғаны рас па ?

Жоқ. Наполеон, тіпті, өз заманнындағы ер адамдардың орташа бойынан әлдеқайда биік болған. Оның бойына қатысты аңыздың  пайда болу себебі ең алдымен француз және ағылшын өлшем бірліктерінің сәйкес келмеуіне байланысты орын алған. Ағылшын дюймі француз өлшем бірлігінен азырақ. Қолбасшының бойы 5 фут (пье) 2 дюйм болған, ал ағылшындар есептеуі бойынша ол 157 см сәйкес келеді. Наполеон бойы болса 168 см болған. Оның үстіне, ол үнемі сұңғыла бойлы гвардияшылардың қасында жүргендіктен сырт көзге аласа көрінгені де заңдылық.

6
Рейтинг: +3

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: www.arthistory.ru
Қосылған күні: 15 тамыз, 09:35

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.