Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Таңғажайып өсімдіктер

Таңғажайып өсімдіктер

Таңғажайып өсімдіктер

Табиғат дүниесінде адам баласы құпиясын ашып болмайтын таңғажайып құбылыстар жетерлік. Солардың бір саласы - өсімдіктер әлемі. Талайды таңдай қақтырған тылсым да үрейлі әрі қызықты алуан түрлі ағаштар жайлы сөз болмақ. 

Қан сорғыш терек

Ауғанстанда өзгеше қан соратын терек бар. Оның биіктігі екі метр, жуандығы 10см айналасында ғана. Теректің өн бойы толған түйіршік тектес. Қорқыныштысы жапырағына қол тиіп кетсе болды, дереу жабыстырып алып, қанын сорып, ақжемін шығарады екен. Кезінде Германия, Франция, Италия жабайы өсімдіктерді тексеру бірлескен отряды сол жерге барып, зерттеу жүргізеді. Солардың бірі осы ғажайып теректі көріп, таңдана жапырағын ұстайды. Сол-ақ екен, оның алақаны жапыраққа жабысады да қалады. Қалай бұлқынса да, қолын ажырата алмайды. Жапырақ оның қолын мұжып, қанын сора бастайды. Әріптесінің жанын алып қалу үшін, зерттеушілердің бастығы амалсыздан қолын шауып тастайды. Бұл оқиға өсімдік зерттеушілердің назарын ерекше аударады. Олар әрі қалың, әрі мықты жасалған ерекше қолғап киіп, теректі ұстап, оның сырын шешпек болады. Ойламаған жерден ағаш жапырағы адам қолымен қоса, қолғапты жабыстырып алып, дереу тесіп жібереді. Олар қолғаптан қолдарын зорға шығарып үлгереді. Ал ағаш жапырағына жабысқан қолғаптың лезде дал-дұлы шыққанын көреді. Міне, бұл күні бүгінге дейін құпиясы ашылмаған сырлы ағаш.

Кір кетіргіш ағаш

Жерорта теңізінің оңтүстік жағалауындағы Алжирде таңғажайып, қабығы қызыл, бұтағы жуан, жапырағы қалың ағаш бар. Жергілікті тұрғындар оны «Бодан» деп атайды. Мағынасы «кір кетіру» деген сөз. Тұрғындар кірлеген киімдерін ағашқа орап қойып, бірнеше сағаттан соң, таза сумен шайып жіберсе болғаны, киім тап-таза болып шыға келеді екен.

Негізінде бұл ағаштың қабығында сарғыш түсті сұйықтық бөліп шығаратын көптеген ұсақ тесіктер бар болып, ал сұйықтықтың құрамындағы сілті тазартқыш рөлін атқарады.

Адам жейтін ағаш

Индонезияның Ява аралында бір түрлі «Янбай» деп аталатын адам жейтін қорқынышты ағаш бар. Жайшылықта бұл ағаштың бұтақтары шұбалып, жайылып жатады. Ал адам болсын, аң болсын байқамай бұтақтың біріне тиіп кетсе, ағаш бұтақтары әп-сәтте шырмап алады. Сондай-ақ ағаш бұтақтарынан жабысқақ сұйықтық ағып, шырмалған денені ірітіп жібереді. Соңынан бұтақтарын қайтадан жайып, келесі орайды күтеді екен.

Ауа-райын болжағыш емен

Шымыр емен ағашы қоңыржай белдеуде өседі. Қытайда, Оңтүстік Кореяда, Жапония мен Индияда көптеп кездеседі. Оның жапырағының түсі ауа-райының өзгерісіне қарай құбылып тұратындықтан, «Ауа райынан мәлімет беретін ағаш» деп аталған. Бұл ағаштың ауа-райының өзгерісіне болған сезімталдығы жоғары. Бұл өзгеріс жапырағының құрамындағы хлорофилл мен антоцианин салыстырмасының өзгерісінен қалыптасқан, ұзақ уақытқа жалғасқан қуаңшылықтан соң, жауын таяғандығы тымырсық ыстықта хлорофилдің қосылысы кедергіге жолығып, антоцианин құрамы артады да, жапырағы қызарса, осы өңірге екі күн ішінде нөсер жауатынын білдіреді. Күн ашыларда жапырақ жасыл түске өзгереді. Егіншілер осыған қарай өз шаруаларына жоспар жасайды екен.

Билейтін ағаш

Қытайдың көрікті Шишуаңбанна деген жерінде, Мыңла ауданының маңындағы ежелгі орман ішінде билей алатын сәмбі тал бар. Егер осы ағаштың қасында музыка таспасын қойсаңыз, ағаш музыка ырғағына ілесіп, биге басады. Бұдан да ғажабы егер қойылған әуеніңіз жеңіл музыка немесе лирикалық ән болса, ағаш мың бұралған биші арудай тербелісін өзгертіп отырады. Музыка шырқау биікке көтерілген сайын ағаштың биі де әсемдене түседі. Егер көтеріңкі екпінді, лирикалығы солғын немесе шуылы көп музыканы қойсаңыз, ағаш билемей қояды екен. Сондықтан жергілікті тұрғындар оған «билейтін ағаш» деп ат қойған.

Дайындаған: Алшын Матай

Дерек көзі: elares.net

Сурет: mota.ru

25330 0
Рейтинг: +5

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 26 қыркүйек 2012, 23:30
Пікірлер
+0
26 қыркүйек 2012, 17:59

Кір кетіргіш ағаш? :roll:

+0
26 қыркүйек 2012, 18:28

Естімеген елде көп. Ана қан соратын ағашқа қолың тиіп кетсе біттің екен ғой. :o

+0
26 қыркүйек 2012, 18:34

қан сорғыш терек? :o

+0
26 қыркүйек 2012, 20:19

Бодан ағашы тамаша екен. Ал билейтін ағаш туралы кинодан ғана естіп көргенмін

+0
26 қыркүйек 2012, 23:13

сұмдық ағаштар көп екен ғооооо

+0
27 қыркүйек 2012, 09:55

ужасс қой адам жегіш ағаш :?

+0
27 қыркүйек 2012, 10:09

ауа райын дәл болжаймекен? :o

+0
26 қаңтар 2016, 23:24

адам жейтини коркынышты екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...