Сахарада 37 жылдан кейін қар жауды

Әлемдегі ең ыстық аймақтардың бірі саналатын Сахара шөліне қар жауды. Сирек кездесетін құбылыс соңғы 37  жылда алғаш рет қайталанып отыр екен.

Ақ ұлпа Сахара шөлінің Алжирдегі Айн-Сефра қалашығы маңына жауған. Әуесқой-фотограф Карим Бушетат табиғаттың сирек құбылысын суретке түсіріп, ғаламторда жариялады.

Қар ұзақ жаумаған. Бірер сағатта тоқтаған.

Қар жауған Сахараның бір аймағы ғана. Шөл 10-ға жуық мемлекеттің жерінде орналасқан.

Сахараға қардың түсуі - сирек құбылыстардың бірі. Соңғы рет 37 жыл бұрын жауған екен.

 Сахарадағы қардың мына бір көрінісі жат ғаламшарды елестетеді.

Қар бірнеше күннен кейін еріп кеткен.