Оңтүстік Кореяға барсаңыз ескеретін ережелер

Оңтүстік Кореяға барсаңыз ескеретін ережелер
Фото: www.moya-planeta.ru

Әлемде әртүрлі ел бар. Бәрінің өзіне тән салты, әдеті, ғұрпы бар. Тіпті кейбір елдердің өзіндік ішкі заңдары бар. Бұл заңдылықтар халық арасында қатаң сақталып қалған. Мәселен қазақтарда «есікті керме», «табалдырық баспа» деген секілді ырымдарға байланысты заңдылықтар сақталған. Халық оны сақтауға тырысады.

Оңтүстік Корея елі де осындай ұстанымдарға өте берілген. Сонымен бұл елде тыйым салынған әрекеттер:

Таяқшаны тамаққа қалдыруға болмайды

Оңтүстік Корея елінде тамақ үстіне таяқшаңызды қадыруға болмайды. Әсіресе (х) белгісінде қойып кетпеңіз. Бұл кейбір елдерде астың нашар жасалғанын білдіретін белгі болғанымен, бұл халық үшін өлім шақырғанмен тең.

Қолды жоғары бұлғап амандасуға болмайды

Көп жағдайда алыстан көрген адамға қолымызды жоғары көтеріп сәлем беріп өтеміз. Ал бұл елде, керісінше, алақаныңызды ашқан қалпы төмен түсіріп сәлем беруіңіз керек. Өйткені жоғары көтерілген алақанмен олар аңдар мен иттерге белгі береді.

Түшкірген адамға назар аудармаңыз

Оңтүстік Кореяда қоғамдық орында болсын, қай жерде болсын, сіздің түшкіргеніңізге ешкім назар аудармайды. Бұл қалыпты жағдай. Ал оған қарағандар мәдениетсіздік танытқан болып есептеледі. Тек түшкірген адам ғана кешірім өтінуі керек.

Тамақты тастауға болмайды

Бұл ел Солтүстік және Оңтүстік деп бөлінген жылдардағы соғыс пен аштықты жақсы біледі. Тіпті бүгінгі күнге дейін ұмытқан емес. Соның әсерінен болар, ата-баба рухына деген құрметпен, тамақты жерге тастамайды. Қонаққа барсаңыз тамақты міндетті түрде тауысып жеуіңіз керек. Тәрелке түбіне тамақ қалдырсаңыз, үй иесіне құрмет көрсетпегеніңіз деп есептеледі.

Екі адам арасындағы ұрысқа араласуға болмайды

Әсіресе әйелдер арасындағы ұрысқа араласуға болмайды. Бұл да қалыпты жағдай. Себебі тегінде бұл ұлттың қыздарын оқуға жібермеген, білім алуына тыйым салған. Сол кезден қалған қатігездікті қазір зор құрметпен алмастырып, ерлері әйелдерге көп еркіндік берген. Тіпті олардың арасына түспейді және біреудің де түскенін қаламайды.

М. Ақан