«Мафия» ойынына қатысты қызықты деректер

«Мафия» ойынына қатысты қызықты деректер
Фото: www.zastavki.com

«Мафия» ойынын білмейтін жан жоқ шығар. Ал оған қатысты қызықты деректер естіп пе едіңіз?

1. Мәскеу Мемлекеттік университетінің психфак студенті Дмитрий Давыдов 1986 жылы көктемде «Спрут» сериалын көргеннен кейін, «Мафия» ойынын ойлап табады. Алдымен бұл ойын барлық жатақханаға таралады. Кейін Кеңес Одағының барлық жоғарғы оқу орындарына жетеді. Кейін тіпті шетел асып, Венгрия, Германия, Италия, Франция, Ұлыбритания, АҚШ және тағы да басқа елдерде ойнала бастайды. «Мафияның» қолы ұзын…

2. «Мафия» ойының жанрын анықтау мүмкін емес.

3. Ол келіссөздер барысында тренинг ретінде қолданылады. «Фирманың құпиясы» журналында бұл туралы көлемді мақала да берілген. IBS компаниясының қызметкері ойынға қатысты былай депті: «Мынадай тренингтен соң, шынайы келіссөздерде оңай сөз таба аласың».

4. «Мафия» ойынының желісі бойынша алғашқы телевизиялық бағдарламаны 1990 жылы Литвада түсірмекші болған, ол ойын «Парламент Мафияға қарсы» деп аталды. Ал, соңғы нұсқасы 2004 жылы экранға шыққан. Бұл жолы ол Петерборда жасалды.

5. Шетелде «Мафия» ойынына мынадай жаңа кейіпкерлер ойлап тапқан: Рембо (Rambo), Купидон (Cupid), Автобус жүргізушісі (Bus Driver), Сиқыршы (Sorcerer), Ауыстырғыш (Switcher), Ауылдық ақымақ (Village Idiot) және Пері (Devil).

Олардың ойындағы рөлдері қандай деп ойлайсыз?

А. Оралқызы