Жойылып кету алдында тұрған аралар анықталды

Жойылып кету алдында тұрған аралар анықталды
Фото: en.wikipedia.org

Сарыбас аралар деп аталатын Гаваи аралары АҚШ-та құрып бара жатқан түрлердің федералдық тізіміне қосылды. Бұл туралы BBC News хабарлады.

Табиғат қорғау ұйымдары сарыбас аралардың жоғалуына себепші факторлар ретінде өмір сүру ортасының тарылуын, орман өрттерін және бөтен жәндіктер мен өсімдіктердің көбеюін атайды.

Бұл аралардың айрықша маңыздылығы, олар Гаваи аралдарындағы кейбір құрып бара жатқан өсімдіктерді тозаңдандырады.

Табиғатты қорғаумен айналысатын Xerces Society ұйымының бірнеше жыл бойы жүргізген зерттеулері негізінде сарыбас аралардың 7 түрі құрып бара жатқан түрлер қатарына кіргізіліп отыр. Ұйым жетекшілерінің бірі Сарина Джепсонаның айтуынша, әлемнің өзге бөліктерінен сарыбас араларды кездестіруге болады. Алайда, қазір Гаваи аралдарының сарыбас аралары қорғауға алынып отыр. Өйткені, мана айтылғандай олар мұндағы кейбір өсімдік түрлерін құрып кетуден сақтайды. Ол өсімдіктерді аралардың басқа түрлері де тозаңдандыра алады. Әйтсе де, сарыбас аралар жоғалған жағдайда ол өсімдіктер жойылады.

Джепсонаның айтуына қарағанда, сарыбас араларға жабайы шошқалар мен шыбындардың кейбір басқыншы түрлері қауіп төндіруде.

Сарыбас араларды құрып бара жатқан түрлер тізіміне кіргізуге 10 жылдық зерттеу жұмыстары қажет болған.

Дереккөзі: egemen.kz

Н. Айдархан