Бір ғасырлық тарихы бар кітап дүкені

 Бір ғасырлық тарихы бар кітап дүкені
Фото: 1500espn.com

El Ateneo Grand Splendid - Буэнос-Айресте орналасқан әлемде теңдесі жоқ кітап дүкені.

Дүкен бір ғасырлық тарихы бар театрда салынған (Grand Splendid Theater 1919 жылы ашылған). Дүкен жыл сайын 1 млн жуық адамды қабылдайды.

Ғажайып театрды кітап дүкені ретінде сәулетші Фернандо Мансоне (Fernando Manzone) құрды. Ішкі көріністің көптеген түпнұсқалары өз күйлерінде қалған: сахна, балкон, керемет сәулет бөлшектері мен қызыл шымылдық.

Дереккөз: bilim-all.kz

Е. Жұмабайұлы