Басқа планеталарда таңның атуы

Басқа планеталарда таңның атуы
Фото: google.kz

Күнсіз планетамыздағы өмірді елестету мүмкін емес. Таңның атуы мен күннің батуын тамашалағанды жақсы көрмейтін жан жоқ шығар. Басқа планеталардан күн қалай көрінетінін елестете аласыз ба? Рон Миллердің (Ron Miller) жылдап құрастырған ғарыштық кеңістіктің сандық суреттеріне назар аударыңыздар.

Басқа 8 планетада Күн қалай көрінетінін төмендегі суреттерден тамашаласаңыз болады.

Меркурий

Меркурий Күннен 60 млн шақырымда орналасқан. Күн мен Жер арасындағы арақашықтықтың 39%. Меркуриде таңның атуы Жерге қарағанда 3 есе ашығырақ. 

Шолпан

Шолпаннан Күн 108 млн шақырымда орналасқан. (Жер мен Күн арасындағы арақашықтықтың 72%). Қою газды бұлттардан Күн бұлыңғыр күндегі дақ сияқты көрінеді.

Марс

Қызыл планетадан Күн 230 млн шақырым ұзақтықта орналасқан. Жермен салыстырғанда арақашықтық 1,5 есе көп. Алайда Күннің көрінуіне арақашықтық емес, атмосфераға дейін көтерілетін шаңды желдер кедергі. 

Юпитер

Юпитердің серігінің бірі, Европадан Күннің көрінісі. Юпитер мен Күннің арақашықтығы 779 млн шақырымды құрайды (бұл дегеніміз Күн мен Жердің арақашықтығынан 5,2 есе көп). Күннің жарығы атмосфера қабаттарынан өтіп, қызыл түспен жарықтандырады.

Сатурн

Сатурн ең танымал планета. Күн мен Сатурнды 1,5 млрд шақырым бөлуде. (біздің планетамыз бен Күннің арақашықтығынан 9,5 есе көп).  Күннің сәулелері су кристаллдары мен газдардың әсерінен сынып, сәуле жиектері мен жалған күн сияқты тамаша оптикалық әсерлер тудырады. 

Уран

Уран серігінің бірінде, Ариэльде таңның атуы суық болғанмен өте ауқымды. Күн 2,8 млрд шақырымда орналасқандықтан күннің жылуы келмейді. Күн мен Жердің арақашықтығымен салыстырғанда 19 есе көп.

Нептун

Тритондағы Күннің көрінісі. Тритон Нептун айларының бірі. Арақашықтық 4,5 млрд шақырым (Жер мен Күннің арақашықтығынан 30 есе көп).  Шаң мен газды алып гейзерлерден Күн жөнді көрінбейді.

Плутон

Ең алыс орналасқан планетадан Күн кішкентай жарқыраған нүкте болып көрінеді. Плутон мен Күннің арақашықтығы 6 млрд шақырым. (Жер мен Күннің арақашықтығынан 40 есе көп.) Плутонда жарық Жермен салыстырғанда 1600 есе күңгірт, бірақ Жердегі толық Ай жарығынан 250 есе жарығырақ.  

Дереккөз: bilim-all.kz

Е. Жұмабайұлы