Бір минутта әлемде не өзгереді?

Бір минутта әлемде не өзгереді?
Фото: snim.net

"Бір минуттың қадірін білгіңіз келсе, поездан қалып қойған адамнан сұраңыз" дейді. Өмірде алпыс-ақ секунд тағдырымызды шешетін жайлар кездеседі. Ал әлемнің әр түкпіріндегі тіршілік иелерінің бір минуттағы әрекетін қоса есептесек ше?

• Дәл қазір 65 ұшақ жерге қонып, саяхатшылары қол соғып, қуанып жатыр.

• Google ақсақалды 2 миллион адам мазалап жатыр.

• Бір минут ішінде 260 бала өмірге келеді, оның 116-сы кедей отбасында туған болса, 51-і Үндістанға тиесілі.

• 107 адам өмірден өтті.

• Сіз орташа есеппен минутына 10 рет көзіңізді қағасыз.

• Минут ішінде Nike – $36 000 табады, Уоррен Баф – $25 000, Билл Гейтс – $23 000, Фейсбук қожайыны – $17 000 кіріске қол жеткізеді.

• Фейсбукте 2,5 млн пост жазылады.

• Найзағай жер планетасына 6 000 рет түседі.

• Инстаграмда 250 миллионға жуық фото жарияланады.

• Құмайминутына 5 км ұшады.

• Вugatti 7 км жүреді.

• Калибри бір минутта қанатын 4 000 рет қағады екен.

• 60 секунд ішінде ғаламда 5 жер сілкінісі болады екен.

• 1 үй не ғимарат өртеніп жатса керек.

• Youtube-те 76 сағаттық видео жүктелуде.

• Жүрегіңіз 72 рет соғады. Шаршама, жүрек, шаршама!

• Қайрат Нұртастың өлеңін 2000-ға (1775) жуық адам тыңдап жатыр.

• Болат Өтемұратов бір минутта 1 681 887 теңге табады ($4 946), ең бай адам.

Мұның барлығы орта есеппен алынған өлшем. Не сәл кем болады, не асып кетеді. Сіз маған дәл қазір орта есеппен 1,36 минут уақытыңызды бөлдіңіз.

Қасеке Нұрсұлтан

@. @assel_assanova