Мәскеу музейі мысықты «жұмысқа» алды

Мәскеу музейі мысықты «жұмысқа» алды
Фото: lovecat.in.ua

Мәскеу іргесіндегі тарихи-көркем музей қызметке мысықты қабылдады. Бұл туралы қаладағы белгілі мәдениет мекемесінің сайтында жарияланған. 

Музейдің хабарлауынша, ресми түрде құжат енді толтытырғанымен, мысық бұл мекеменің іс жүзінде толықтай қызметші саналады. Себебі, онымен музей қонақтары әрдайым суретке түсетін көрінеді. Ал онымен ең танымал селфиді белгілі теле-радио жүргізушісі Сергей Стиллавин жасаған.

Айта кетсек, қызметкер-мысықты Марай деп атаған. Бұл Мәскеу іргесіндегі ең ірі суреттер галереясы – Серпуховск фабрикантшысы Анна Мараеваның құрметіне қойылып отыр. Дәл осы А.Мараеваның суреттер жиынтығы музей қорының негізін құрайды.  

Дереккөз: Baq.kz

Е. Жұмабайұлы