Жапонияда сакура жылдағыдан ерте гүлдеді

Жапонияда сакура жылдағыдан ерте гүлдеді
Фото: adme.ru

Жапония халқының көктемде асыға күтетін бір қуанышы бар.  Ол — сакура ағашының гүлдеуі. Алайда 2016 жылы бұл құбылыс мерзімінен 5 күн ерте орындалды. Ағаштың гүлденуін бақылауда ұстайтындар ең алғашқы гүлденген ағашты Ясукуни ғибадатханасынан тапқан. Ағашта ең алғаш 5 бүршік (гүлшанақ) болған. 

Жапондықтар сакура ағашының гүлденуіне сүйсініп қарауды "ханами" деп атайды. Әдемі көріністі тамашалау үшін жыл сайын туристер көптеп келеді. Саябақтар мен көшелер, тоннельдер мен сарқырамалар бойында орналасқан сакуралар бүкіл жерде өзінің хош иісімен адамды баурап алады. 

Н. Үсенова