- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- 4 жасар бүлдіршін...
4 жасар бүлдіршін ештеңе жемей өсіп келеді
Бұл бүлдіршін туғалы бері бір тостақ тамақ жеп көрмеген. Бұған оның өте сирек кездесетін синдромы себеп болған. Жасы бүгінде 4-ке келген Окли Лангран туғаннан бастап күніне 100 ретке дейін жүрегі көтеріліп, лоблитынымен дәрігерлерді қатты таң қалдырыпты. Осыған байланысты ол әлі күнге дейін тамақ жей алмайтын көрінеді. Бала дәстүрлі тағамдармен енді тек ойыншық ретінде ойнайды.
Аталмыш ауру өте-мөте сирек кездесетін болғандықтан, дәрігерлер оны баланың атымен «Окли синдромы» деп атауға ұйғарым жасаған. Нәресте өмірге тамағы кеміс болып келген. Мұны мамандар «гастро-эзофагеальді рефлюксті сырқат» деп атап отыр. Бала ауқат жей алмайтын болғандықтан, ата-анасы оған азық-түлік тауарларының пластикалы муляжын береді. Окли онымен ойыншық ретінде ойнайды. Сәбиге нағыз тамақ тек Рождество кезінде ғана ұсынылады. Бірақ Окли оны да қолға ұстап көргеннен артыққа бара алмайды.
Осындай кемшіліктеріне орай Окли туған бойда дерлік оның асқазанына бірден тамақ апаратын арнайы түтік орнатуға тура келген. Ол осы кезге дейін балмұздақтың, шырындардың, жемістердің өз дәмдері қандай болатынын білмейді. Алайда бұл жағдай Оклидің көңіл-күйіне титтей де әсер етпеген. Балақай көңілді, өмірге құштар, тынымсыз болып өсіп келеді.
Бұдан біршама уақыт бұрын Лондондағы Королева колледжі Лангранға операция жасап, денесінің ішкі қуысында не бар екенін, құсуға бейімімділігі неден болатынын анықтауға әрекет жасаған. Осыдан кейін оның ұдайы жүрегі көтерілуі қойыпты. Алайда дәрігерлер әлі күнге дейін бұл синдромның себебін дәл біле алмай отыр, − деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.
С. Ерсін