Құны 175 миллион доллар болатын ең ірі жақұт тасы табылды

Құны 175 миллион доллар болатын ең ірі жақұт тасы табылды
Фото: http://vistanews.ru/

Шри-Ланка жерінен әлемдегі ең ірі жақұт тасы табылды. Зергерліктен хабары бар мамандар оның құнын 175 млн АҚШ долларына бағалауда, - деп хабарлайды CNN.

Өз атын құпияда ұстауды өтінген оның иесі жақұтқа «Адам жұлдызы» деген атау берілгенін айтты. Оның айтуынша, бұл асыл тас мұражайға қойылатын болады. Себебі оның мөлшері 1404 карат болғандықтан, зергерлік мақсатта қолдануға келмейді. Жалпы жақұттың мұндай түрі зергерлер қауымында үлкен сұранысқа ие екен.

Дереккөз: alashainasy.kz

О. Сансызбай