Аңдар өздерін айнадан көрсе (видео)

Аңдар өздерін айнадан көрсе (видео)
Фото: plus.google.com

Жыртқыш аңдар үнемі қаһарлы әрі сұсты көрінеді. Оларды күлкілі жағдайда көру қызықты. Мәселен, Францияның Ксавье Юбер Бриер есімді фотографы мынадай тәжірибе жасапты. Орманның адам аяғы баспайтын жеріне үлкен айна қойып, сырттай бақылаған екен.

Леопард, горилла, піл, шимпанзелер өз-өздерін айнадан көріп, таңғалғандай. Бірі қорқып, бірі өз-өзіне өшігіп, ашуын көрсетіп жатады. Әр аң әртүрлі қылық танытады. Мысалы, горилла мен леопард қатты ашуға булығып, айнаны ұрғыласа, маймылдар оған жақындай бере қашып кетеді. Ал жолбарыстың баласы айнаны айналшықтап, ойнағысы келетіндей сыңай танытады. Арасындағы ең сабырлы аң піл болып шықты. Алдындағы бейнені көрді де, жөніне кете барды. Ал құстардың қылығы тіптен қызық. Сонымен, тамашалайық! Аңдар өздерін қалай таниды екен?!

Г. Берік