Ең сүйкімді жануар – «ұшатын тиін»

Ең сүйкімді жануар – «ұшатын тиін»
Фото: adme.ru, www.d6qq.com

Әлемдегі ең сүйкімді жануарлардың бірі – Сібір тиіні. Кеміргіштер тобына жататын тиіннің бұл түрі Жапонияның Хоккайдо аралы, Азияның тропикалық аймақтары мен Ресейдің солтүстік бөліктерінде өмір сүреді.

Тиіннің бұл түрі Сібір тиіні деп аталғанмен, негізінен «ұшатын тиін» деген атпен танымал. Шын мәнінде бұл тиіндер ұша алмайды. Олар алдыңғы және артқы аяқтарының арасына орналасқан қанатшалар көмегімен қатты қарғиды. Осыған орай, олар басқа ағашқа өткенде немесе қашқанда 100 метрден астам жерге дейін секіре алады.

«Ұшатын тиіндер» көбіне ұясынан түнде шығады. Қыста аз уақытқа ұйқыға да кетеді. Олар «үй» салуға қолайлы ағаштарды таңдайды. 

 

Н. Үсенова