Әлемнің сүйкімді жануарлары жиналған әдемі арал

Әлемнің сүйкімді жануарлары жиналған әдемі арал

Хоккайдо — Жапонияның солтүстігіндегі орманды үлкен арал. Сонымен қатар, әлемдегі сүйкімді жануарлар шоғырланған қарашаңырақ. Сіздердің назарларыңызға осы аралды мекендейтін жануарлардың суреттерін ұсынамыз. Бұл өңірдің барлық аңына тән нәрсе бар. Ол — сүйкімділік. Бейкүнә, нәп-нәзік тіршілік иелерінің көздерінде балалық, қылықтарында еркелік бардай. Ендеше, бұл айтқандарымызды өздеріңіз көріп, тамашалаңыздар.

Қызғылт сары тиін. Олар Хоккайдоның әр түкпірінде ешкімнен қорықпай емін-еркін жүре береді екен.

Мына тиін не тығылып тұр, не жаңғағын таппай жүр.

Эдзо наки усаги. Жапон тілінен аударғанда "Хоккайда аралының жыламсыраған қояны" деген мағынаны білдіреді екен. 

"Покемон" мультфильмінің авторлары осы сүйкімді аңға қарап, кейіпкерлерін ойлап тапқан деседі. 

Лидзуна – аққұлақтың (сусар тұқымдас аң) бір түрі. Ол көбіне осы аралда, Сібірде және Скандинавияның солтүстігінде кездеседі екен. Бұл жануар қоян секілді: қыста да, жазда да жыртқыш аңдардан қорғану үшін "киімін ауыстырып" отырады екен.

Эдзо фукуро — ірі жапалақтардың ерекше бір түрі. 

Олардың ұйықтағандарының өзі "сүйкімді". 

Эдзо момонга — ұшардың бір түрі. Ол қанатты тышқан тұқымдасына жатады. Оның мөлдіреген көздері адамды өзіне бірден баурап алады. Бұл аң жергілікті аймақтың символына айналғандай. Жол жүру билеттерінде де, ашық хаттарда да эдзо момонганың суреті бейнеленеді екен. 

Сима-энага. Бұл — ұзын құйрықты шымшықтың бір түрі. Ол тек осы аралда ғана кездеседі. Оның өзге шымшықтардан өзгешелігі — құйрығынан басқа жерлері аппақ.  

Қызғылт сары түлкі. Бұл да — осы өңірдің тумасы. 

Сурет: bigpicture.ru

Е. Жұмабайұлы