Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Ғалымдар «Мона Лиза» картинасындағы әйелдің сүйегін тапқанын мәлімдеді

Ғалымдар «Мона Лиза» картинасындағы әйелдің сүйегін тапқанын мәлімдеді

Ғалымдар «Мона Лиза» картинасындағы әйелдің сүйегін тапқанын мәлімдеді

Италиялық зерттеушілер Леонардо да Винчидің атақты «Мона Лиза» картинасында бейнеленген әйелдің сүйегін тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Рейтер агенттігі.

Алайда табылған сүйектің флоренциялық көпес Франческо дель Джокондоның әйелі Лиза Герардиниге тиесілі екенін заманауи технологиялардың өзі дәл анықтап бере алмай отыр. Соған қарамастан, көптеген тарихшылар бұл Герардинидің сүйегі екеніне еш күмән келтірмейді.

Археологтар Леонардо да Винчидің кейіпкері өмірінің соңғы жылдарын өткізген монастырде зерттеу жұмыстарын бастаған болатын. Ғалымдар Джокондо әулеті жатқан қабірді ашып, ондағы сүйектерді ДНҚ талдауға жіберген.

Қазба жұмыстары барысында көптеген адамдардың сүйектері табылды, дегенмен талдау нәтижесі бұл сүйектер бар болғаны Лиза Герардини өмір сүрген кезеңдегі қабірлердің біріне қатысты екенін көрсетіп отыр.

Ал Италияның тарихи және мәдени мұраларды дамыту жөніндегі мемлекеттік комитетін басқаратын Сильвано Винчетидің бұл туралы пікірі басқа, оның сөзіне қарағанда қабір орны туралы құжаттар мен ғылыми зерттеулер табылған сүйек Герардиниге тиесілі екенін дәлелдейді.

«Егер менен бұл жөнінде не ойлайсыз деп сұраса, біз оның сүйегі екеніне көз жеткіздік деп жауап берер едім», – деді Винчети журналистерге берген сұхбатында.

Өзге сарапшылар өз бағасын беруге асығыстық танытпауда, айтуларынша табылған мәйіттің жай-күйі жүз пайыз сенімді болуға негіз емес.

«Біз заманауи технологиялар түптің-түбінде табылған сүйек Герардиниге тиесілі екенін анықтауға мүмкіндік береді деген үміттеміз», – деп мәлімдеді Болон университетінің профессоры Джорджо Группиони.

Дереккөзі: nur.kz 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Фото: rudaki.ru
Қосылған күні: 26 қыркүйек 2015, 11:29

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.