Әлемдегі ең қызықты тыйымдар

Әлемдегі ең қызықты тыйымдар
Фото: hqwall.net

Қытай елінде компьютерлік ойындарға тыйым салғанына 14 жылдан асты. Ал басқа елдерде қандай қызықты тыйым салулар бар екен?

Ішінен ойыншық шығатын шоколад жұмыртқаларды бүкіл әлем таниды. Киндер Сюрпризге АҚШ 1938 жылы тыйым салды. Америкалық ғалымдардың ойынша, кішкене ойыншықтар бала өміріне аса қауіпті көрінеді.

Сингапур еліне сағыз алып кіргізбейді, сатқызбайды. Сондықтан ол елдің тұрғындары сағыздың не екенінен де бейхабар десек болады. Бұл заң 1992 жылдан бері өз күшінде.

Құрамында секер тым көп болғандықтан дәстүрлі француз асханасын құрдымға жібереді деп 2011 жылы Франция мектеп және университет асханаларында кетчуп қолдануға тыйым салды.

2011 жылы Оңтүстік Корея түннен таңғы сағат 6-ға дейін балаларға онлайн-ойын ойнауға болмайтыны туралы заң шығарды.

Түркменстан 2005 жылы жанды дауыстыдан басқаларға жоқ деді. Фонограммамен айтуға тыйым салып, опера мен балетті жарамсыз етті.

Австралия, Виктория секілді халық тығыз орналасқан штаттарды күйіп кеткен шамды кез келген адамның ауыстыруына болмайды. Міндетті түрде электрикті күту керек, заң солай.

1990 жылдан бері Үндістанда алкогольді ішімдіктерге жарнама жасалмайды.

Австралиялық Мельбрун қаласында ерлер әйелдердің киімін киюге қатаң тыйым салынған. Бұл заңның шыққанына неше жыл өтсе де, әлі күшін жойған жоқ.

@. @assel_assanova