Чарли Чаплин қайта оралды (видео)

Чарли Чаплин қайта оралды (видео)
Фото: vk.com

Классикалық ақ-қара түсті кино туралы сөз қозғалғанда, ойымызға бірден аңыз адам Чарли Чаплиннің оралатыны анық. Өз кезінің жұлдызы болып, қазір әлемнің жұлдызына айналған Чаплиннің жанкүйерлері оның өнерін жалғастырып келеді. Көрген жанға күлкі сыйлайтын кейіпкердің әзірбайжан жанкүйері America’s Got Talent байқауында талайды таңғалдырды. Оның есімі – Юзая Новрузов. Ол сахнада биік сатымен өнер көрсеткен. Цирк пен классикалық үнсіз киноны үндестіре білген Юзаяның өнерін мына бейнебаяннан тамашалай аласыздар.

Е. Жұмабайұлы