Ойыншыққа алданған императорлық пингвиндер (видео)

Императорлық пингвиндер әлемдегі ең үлкен пингвиндер тобына  жатады. Олар басқа пингвиндерден өздерінің алып денелерімен ерекшеленеді. Пингвиннің бұл түрі климат жағдайы өте суық ортада өмір сүргендіктен, ғалымдар зерттеу кезінде түрлі қиындықтарға жолығады. Сол себепті зерттеушілер әртүрлі заманауи қондырғыларды пайдаланып, қызықты қулықтарға баруға тура келеді. Мысалы, ғалымдар императорлық пингвиндерге жақындау үшін жасанды пингвин қолданған. Олар ойыншық пингвинге камера орнатып, оны императорлық пингвиндердің арасына қосып жібереді. Сөйтіп нәтижесінде зерттеушілер ешкім күтпеген қызықты оқиғаға тап болады. Әрмен қарай бірге тамашалайық.