Жануарлар туралы қызықты деректер

Жануарлар туралы қызықты деректер
Фото: www.weblancer.net

Жануарлар әлемімен бәріміз де таныс болғымыз келеді. Олардың немен қоректенетіні, қалай тіршілік ететіні көбімізге қызық. Сондықтан бүгін біз сіздердің назарларыңызға жануарлар туралы қызықты деректерді ұсынғымыз келіп отыр. 

1. Орта статистикалық көрсеткіштерге сүйенсек, сиыр күніне 400 литр метан газын бөледі.

2. Бұқа дальтоник болады. 

3. Үндістанда 50 миллион маймыл бар.

4. Тауықтар жылына шамамен 190 жұмыртқа табады.

5. Тілі қызғылт емес жалғыз ит - чау-чау.

6. Ең жоғарғы қан қасымы - керіктерде.

7. Ең ақылды ит - бордер-колли.

8. Арыстандар күніне 50 рет жұптаса алады.

9. Түйелер екі апта су ішпей жүре береді.

10. Керік түйеге қарағанда да көбірек жүреді.

11. Ешкі сүтінің майлылығы, сиырдың сүтіне қарағанда 5 есе аз.

12. Ең ірі жолбарыс - уссурий жолбарысы. Биіктігі - 115 см, денесінің ұзындығы - 3 метр, салмағы - 280 кг құрайды.

13. Ең үлкен қолтырауын Флоридадан (АҚШ) ұсталды. Оның ұзындығы - 4 метр, 35 сантиметр, ал салмағы - 297 килограмм.

14. Тасбақаның өмір сүру мерзімі адамдардың өмір сүру мерзіміне ұқсайды. Олардың кейбіреуі 100 жылдан астам уақыт өмір сүреді.

15. Ирландия, Исландия, Гренландия және Антрактида жыландар жоқ.

16. Үлкен қандалалар 1 жыл ештеңе жемей жүре алады.

17. Құмырсқалар ешқашан ұйықтамайды.

18. Масалардың ең сүйікті түсі - көк. Олар ересектерге қарағанда балаларды жақсы көреді.

19. Дүние жүзінде масаның 2500 түрі бар. Басқа тірі тіршілік иелеріне қарағанда бұлар адамды көп өлтіреді.

20. Қара өрмекшілер жыландарға қарағанда екі есе улы.

Ж. Исакаев