Сингапурдағы супер-ағаштар

Сингапурдағы супер-ағаштар

Сингапурда 29 маусым күні адам қолымен жасалған бірегей бақтың ашылуы болады. Бақта көптеген көпірлер, өсімдіктер мен ағаштар орналасқан және ол 101 га жерді алып жатыр. 

Әрбір адамға ерекше әсер сыйлайтын екі алып биокүмбез (Тропикалық орман мен Гүлді күмбез) бен биік әрі жасанды супер-ағаштар орын тепкен құрылыс "Жәннат бағы" деп аталады. 

Әр күмбездің көлемі төрт футбол алаңындай. Ол жерде планетамыздың барлық құрлықтарынан жиналған 220000-ға жуық өсімдік өседі. Бір қызығы, гүлді күмбездегі бақ қалдықтары бу турбинасының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бу турбинасы өз кезегінде күмбездердегі климатты бір деңгейде ұстап тұруға қажетті электр энергиясын өндіреді. Күмбездер - кіру үшін төленетін "Жәннат бағындағы" жалғыз жер. 

Бақта биіктігі 25-50 метрге жететін барлығы 18 супер-ағаш орналасқан. Олар 200 түрлі 163 000 өсімдіктен жасалған. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: fresher.ru

Ж. FM