- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Әлемдегі тірі...
Әлемдегі тірі гүлден жасалған ең ұзын көйлек
Әлемдегі тірі гүлден жасалған ең ұзын көйлек Украина елінде тігілді. Оның ұзындығы - 11,92 метр. Ол 2012 жылы ақпан айының 4 жұлдызында Киев қаласындағы Халықаралық Көрме Орталығында «Flower Party» фестивалі кезінде ресми таныстырылған. Көйлектің бағасы - 100 мың еуро.
Көйлекті «Мисс Украина - 2007» байқауында жеңімпаз атанған Алёна Клепко есімді ханшайым киіп шыққан. Алёна Клепко: «Көйлектің мыңдаған гүлден тігілгендігіне көз жұма қарасам да, мен мұндай кереметтей сезімді сұлулық ханшайымы атанған сәтте де, ханшайым тәжін кигізіп жатқан уақытта да сезіне алмаппын», - деп өзінің алған әсерімен бөлісті.
Мәскеулік дизайнер Араик Галстян гүлдің ең соңғы талын таныстырылым алдында таққан. Көйлекке шамамен 1000 шақты «Vanda Blue Magic» деп аталатын ең қымбат сұрыпты гүл түйнегі жұмсалған. Ол үшін дизайнер Голландиядан 1500 гүл сабақ алдыртыпты. Оның әрбірінде кемінде 10 тал гүл шоғырдан бар. Көйлекке ең әдемі гүл шоғырлар таңдалған. Дизайнер бұл көйлекті Anco Orchidee компаниясының тапсыры бойынша жасаған.
Көйлектің матасы - пальтоға арналған қара түсті материал. Оның бірінші жағы жұмсақ келсе, екінші жағы атлас екен. Матаның мұндай түрінен ең қымбат пальтолар тігіледі.
Сурет: guinness-records.info
Оқи отырыңыз:
Доллардың дизайны өзгеруі мүмкін
"Балалар өнертабысы күні" туралы білесіз бе?
Үнді елінің азаматы 23 миллион долларға той жасады
Н. Нұрмаханұлы