Кішкентай пингвиндерге жемпір тоқып берген жомарт жан

Австралияның Филипп-Айленд аралында әлемдегі барлық пингвиннің ең кішкентай түрі тұрады. Алайда бұл пингвиндердің жойылып кетуі әбден мүмкін. Өйткені олар санаулы ғана қалған. 2013 жылы пингвиндерді қорғау қорының қызметкерлері атымтай жомарт жандарға өтініш білдіріп, оларды сақтап қалудың барлық жолын жасаған.

Сол кезде қолдан жылы жемпірлер тігіп беріп, пингвиндерді киіммен қамтамасыз еткен Австралияның ең кәрі тұрғыны Альфред Дэйт көмек көрсеткен. Көп жасаған кісінің айтуы бойынша, ол тоқымамен 1930 жылдан бері айналысып келеді екен. Жеті баланың әкесі, жиырма немеренің атасы тек қана тоқымамен ғана емес, 90 жасына дейін спортпен де шұғылданған. 

Сурет: twitter.com

Оқи отырыңыз:

26 жастағы мысық Гиннестің рекордтар кітабына енді

Мына мүсінді жасау үшін жапон әскеріне 3500 тонна қар керек болды

Күннің шуақты болуын 150 мың АҚШ долларына сатып алғыңыз келе ме?

29 шаршы метр жерге үй сала аласыз ба?

Бөлісу: