- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Қай мемлекетті жалға...
Қай мемлекетті жалға алуға болады?
Еуропада аумағы бар-жоғы 160 шаршы шақырымды құрайтын, халық саны 35 мың ғана кішкентай мемлекет бар. Оның аты - Лихтенштейн. Ал ең қызығы бұл елді жалға алуға болады. Ол үшін 70 мың долларыңыз болса болғаны. Бұл тек бір тәулікке ғана арналған бағасы.
Егер Лихтинштейнді жалға алсаңыз, сізді көптеген тосын сый тосады. Мысалы, 150 адамға дейін қонағыңызды күте аласыз. Сонымен қатар өзіңіздің ақша бірлігіңізді шығарып, жол ережелерін өзгертуге мүмкіндігіңіз болады. Мемлекетке ойыңызға келгенді жасап, бір сәт болса да өзіңізді патша сезінесіз. Тіпті елге елтаңба ойлап тауып, мерекелік кеш ұйымдастуға болады. Бірақ бұл қосымша төлемді қажет етеді.
Егер бұл мемлекетті жалға алып жатсаңыз немесе қонақтар қатарында болсаңыз, көне бекіністерді көруге, сноуборд пен шаңғы тебуге мүмкіндігіңіз болады. Сонымен қатар сізді әйгілі Вадуц қаласына саяхат пен мерекелік отшашу күтеді.
Сурет: www.mega-tapety.info
Оқи отырыңыз:
Бағасы пәтердікімен бірдей Фригольд аралы
Төрткүл дүниені таңғалдырған таланттар (видео топтама)
АҚШ-та аллигатор етін жемек болған азамат тұтқындалды
Ж. Исакаев