Төрткүл дүниені таңғалдырған таланттар (видео топтама)

Төрткүл дүниені таңғалдырған таланттар (видео топтама)

Әлемде дарындыларға өз өнерін көрсетуге мүмкіндік беретін сан түрлі шара ұйымдастырылуда. Сіздердің назарларыңызға ұсынғалы отырған дарын иелерінің бұл өнерлері сізді де тәнті етер деген үміттеміз.

Дарси Оук

Бұл - канадалық сиқыршы Дарси Оук, оның қолынан бәрі де келетін тәрізді: көгершіндерді, тіпті қызды да шағын тор ішінен сиқырлап шығаруы көрермендерді тәнті етті. Дарси өз сиқырымен миллиондаған адам жүрегін жаулап үлгерді. Ол сиқыр өнерімен бала кезінен бастап шұғылданған. 16 жасында көпшілікке белгілі сиқыршылар сайысына қатысып, бас жүлдені жеңіп алған.

Сьюзан Бойл

Шотландтық қарапайым үй шаруасындағы әйел Сьюзан Бойл бірнеше минуттар ішінде өз өміріне өзгеріс енгізді. Ол өзінің тамаша дауысымен көрермен жүрегін тебірентті. Мюзикл жанрындағы «I Dreamed a Dream» әнін тамаша орындауы арқасында танылып, өзіне миллиондаған тыңдарман жинады. Енді Сьюзан — танымал әнші, оның альбомдары, алдымен, Англия мемлекетінің, кейін АҚШ мемлекетінің басшылығымен жарыққа шықты. Және де «Грэмми» сыйлығымен марапатталды.  

Диана Казакевич

6 жастағы кішкене ғана өнерлі қыз сахнада өлең оқыды. Өлең оқымас бұрын, әділқазы мен көрермендерді күлкіге бөледі. Өлеңін оқып бастағаннан-ақ, барлығы көз жасын төкті, ең мықты, төзімді деген көрермендер де көздеріне еріксіз жас алды. Қарапайым шығарманың жүрекке қалай әсер еткенін көріп, тамашалаңыздар

Джек Виджен

Австралияда өткен дарындылар сайысында Уитни Хьюстонның әнін орындаған бұл 14 жасар бала әділқазы мен көрермендерді ерекше күйге бөлеп, таңғалдырды. Өзінің зор дауысымен талайды тәнті еткен Джек сол сайыста бас жүлдені жеңіп, өзінің алғашқы альбомын жарыққа шығарды.

Ксения Симонова

Құм кескіндемесі — сурет өнерінің бір түрі. Құм әйнек бетіне жұқа етіп төселеді, ал сурет диапроектордың көмегімен экранға жеткізіледі. Ксения Симонова — бұл өнерді дәріптеп жүрген дарынды суретшінің бірі. "Біз біргеміз" атты көрсетілімімен көрермендерге өмірде ненің маңызды екенін жеткізуге тырысты, ойының сәтті аяқталғанына бірге куә болыңыздар.

               Атай Өмірзақов

Қырғызстан азаматы Атай Өмірзақовтың бимен айналысқанына айтарлықтай көп уақыт өтпесе де, таңдай қақтырарлық дәрежедегі бишілер қатарында. Өзінің бұл өнерге келу себебін «электробуги» жастар билейтін эстрадалық спорттық (брейк) биіне қызығушылығының жоғары болғанымен байланыстырды. Бір қызығы, Атай қимыл-қозғалыстың барлығын ешкімнің көмегінсіз өзі үйренген. Қазіргі таңда Атайдың тобы алемнің ең танымал бишілер қатарында тұр.

Пол Потс

Бұл сайысқа қатыспай тұрып, Пол қарапайым ұялы телефондар сатумен айналысқан. «Турандот» оперсының «Nessun dorma» әнін өз нақышында орындап, нәтижесінде бас жүлдені қанжығаға байлады.Өз өнерінің арқасында 1млн стерлингке келісім шартқа отырды,  сонымен қатар, Елизавета II алдында өнер көрсетті.

Конни Талбот

Кішкене қыз  Конни британдық дарындылар сайысында өнер көрсетіп, бар-жоғы 5 жасында әлем назарын өзіне бұрды. Ол байқаудан Пол Потсқа жол беріп, екінші орын алды. Ал қазір өзінің балаларға арналған 4 музыкалық альбомы жарық көрді.

Михай Унгуряну және Ионела Цэруш

Әңгімеміз талантты балалар туралы болып жатыр. Бұл өнерлі өрендерді қалыс қалдырғанымыз орынсыз болар. 6 жасар молдавалық Ионела Цэруш пен Михай Унгуряну өздерінің би өнерімен дүйім жұртты жаулап алды.

Көлеңке театры

Венгриялық «Attraction» би тобы өздерінің жүректі жібітетін сезімге толы қыймылдарымен әділқазы және көрермен жүрегін жаулап алды. Олардың қимыл үндестігі, адам көлеңкесінен толықтай сюжет құруы көрермендерге ерекше әсер етті.

Оқи отырыңыз:

1.Ескі суретті ұзақ сақтаудың жолы (Видео)

2.Орталық Еуропаның жұмбақ жерлеріне саяхат

3.Қытайлық қайырымды кәсіпкер

4.Үндістанда селфи жасағысы келген студенттерді пойыз басып кетті

Е. Қанатбек