11 жасар кәсіби биші (видео)

11 жасар кәсіби биші  (видео)

София Лючия - 11 жастағы дарынды қыз. Оны бәрі "вундеркид қыз" деп атауы бекерден-бекер емес. Өйткені ол 2 жасынан билеуді бастап, бір жылдан соң әлемдік деңгейдегі байқауларда жеңімпаз атанған. 7 жасында бір аяқтың ұшымен 20 айналым жасап үйренген. Ал бүгінгі таңда оның бір дегеннен 54 айналым жасағаны халықты таң қалдырып отыр. Ол бұл өнерімен әйгілі Гиннестің рекордтар кітабы енді.

София діттеген мақсатына қол жеткізу үшін көп еңбектеніп, қазір би өнерінің биігіне шыққан биші. Назарларыңызға мың бұралған қыздың тамаша биін ұсынамыз. 11 жасар София бұл би байқауында «Titanium» әніне билейді. Сахнадағы сәтті сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Cурет: www.youtube.com

Оқи отырыңыз:

Жапониядағы "Қысқы шырағдан фестивалі" туралы білесіз бе?

Америкалық соқыр жігіт кәсіби мерген атанды

Бүгін тұрмыс құратынын білмеген қыз (видео)

Дубайға 3D саяхат жасауға мүмкіндік беретін қызмет ашылды

Ж. Исакаев