Америкалық соқыр жігіт кәсіби мерген атанды

Америкалық соқыр жігіт кәсіби мерген атанды

АҚШ-тың Мэриленд штатының 14 жасар тұрғыны Годи Марлей өзінің ерекше мергендігімен жұртты таң қалдыруда. 

Нысана ату үшін адам көзінің керемет көруі ғана емес, түйсігі де өте жақсы деңгейде болуы керек. «Уашингтон пост» газетінің хабарлауынша, америкалық жас қарапайым адамдардың қалыптасып қалған түсінігін быт-шыт қылып, нысана атуда жоғары көрсеткішке жеткен.

14 жасар Годи Марлей штаттағы аңшылар қауіпсіздігі оқуын тәмамдап, кәсіби аңшы атағын иеленген. Адамның сенгісі келмейтін бір нәрсе - бұл мергеннің көзі көрмейді екен.

Ол осы көрсеткішімен Мэриленд штатындағы аңшылар қауіпсіздік оқуын бітірген бірден-бір мүгедек адам болып тарихта қалды. Годи Марлей 100 метр қашықтықта тұрып әкесінің көмегімен нысананы көздеп, дәл тигізе алады екен.

Сурет: baltimoresun.com

M. Auelkhan