- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Әйгілі Алькатрас аралы...
Әйгілі Алькатрас аралы туралы біле жүріңіздер
Әйгілі Алькатрас аралы Сан-Франциско шығанағында орналасқан. Бұл аралдың тарихы тереңде жатыр. Ертеректе оны қорғаныс шебі ретінде қолданған. Кейінірек әскери түрме салып, содан соң өте қауіпті қылмыскерлерге арналған абақты ретінде пайдаланған.
1848 жылы Калифорнияда «алтын безгек» басталды. Ол шығанаққа көптеген қауіп төндіріп, жедел түрде шамшырақ керек болды. Сөйтіп 1853 жылы Алькатрас тарихында ең алғашқы шамшырақ орнатылды. Ал 1856 жылы бұл шамшыраққа қатты тұманда қолданатын қоңырау салынды.
"Алтын безгек" кезінде шығанақты қалайда қорғап қалу керек болды. Сол себепті Америка президенті 1850 жылы бекініс құруға бұйрық берді. Қамал 110 алысқа ататын құрал-сайманмен жабдықталған.
Алькатрас аралында түрме шамамен 30 жылға жуық тұрып, 1963 жылы жабылған. Қатаң тәртіптегі түрме болғандықтан, өте қауіпті қылмыскерлер осында отырған. Алайда 30 жылдың ішінде бір қылмыскер де түрмеден қашып шыға алмаған. Айта кетейік, күллі әлемге әйгілі гангстер Аль Капоне, тағы сол сияқты танымал қылмыскерлер осы жерде қылмыстық жазаларын өтеген.
Алькатрасты 1963 жылы 21 наурызда жапқан. Оған басты себеп қылмыскерлерге кеткен шығындар болған. Сонымен қатар түрме 3-5 миллион долларды құрайтын жөндеу жұмыстарын талап еткен. Құрлықта орналасқан түрмелерден қарағанда, бұл түрменің шығыны көбірек. Өйткені керек заттың бәрін тек материктен алып келуге болады.
Ал бүгінгі таңда Алькатрас туристер көптеп келетін мұражайға айналды.
Сурет: albert-motsar.livejournal.com
Оқи отырыңыз:
Мексикада ең қауіпті жанартаулардың бірі оянды (Видео)
Дубайға 3D саяхат жасауға мүмкіндік беретін қызмет ашылды
Әлемдегі ең қауіпті қалалар аталды
Нью-Йорк Орталық паркінің көрінісі
Ж. Исакаев