Әлемдегі ең қауіпті қалалар аталды

Әлемдегі ең қауіпті қалалар аталды

Мексикандық «Қоғамдық қауіпсіздік және қылмыстық сот әділеттігі азаматтық кеңесі» үкіметтік емес ұйымының талдауына сәйкес Гондурастың Сан-Педро-Сула қаласы төртінші жыл қатарынан ең қауіпті қала болып танылып отыр, деп хабарлады inform.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Осы ұйымның президенті Хосе Антонио Ортеганың айтуынша, 2014 жылы Сан-Педро-Суладағы кісі өлімі әрбір 100 мың адамға шаққанда 171,2-ден келіп отыр. Екінші орында Венесуэланың астанасы  - Каракас (100 мың адамға шаққанда 116 кісі өлтіру оқиғасы) және мексикандық Акапулько курорты (104-тен астам кісі өлтіру) тұр.

Бұл рейтинг пайда келтіреді, бұл саяси жұмыс, ол билікке және азаматтық қоғамға жағдайды білуге көмектеседі, өкімет тарапынан кісі өлімі деңгейін төмендету жөнінде уәде де бар», - деп мәлім етті Ортега.

Кеңестің мәліметтеріне қарағанда, әлемдегі 50 қауіпті қаланың 47-сі американдық құрлықта, соның ішінде 43-і - Латын Америкасында орналасқан.

Дегенмен колумбиялық және мексикандық қалаларда зомбылықпен кісі өлтіру деңгейін төмендету жөніндегі көрсеткіштер жақсарған. Мәселен, қылмыстық Терреонда (Мексика) кісі өлтіру саны бір жылдың ішінде ғана 100 мың адамға шаққанда 54,2-ден 27,8-ге төмендеген. Ал колумбиялық Медельинде 2010 жылмен салыстырғанда осы көрсеткіштің төмендеуі 67 пайызды құраған - 82,6-дан 26,9-ға дейін.

Тізімдегі 50 қауіпті қаланың 19-ы Бразилияда, 10-ы - Мексикада, бесеуі - Колумбияда, төртеуі - Венесуэлада және тағы төртеуі - АҚШ-та орналасқан, деп атап өтеді ұйым.

сурет: loveopium.ru

Е. Қайрахан