Жерде жатқан бөтелкені көтерген қыз зор қошеметке бөленді

Жерде жатқан бөтелкені көтерген қыз зор қошеметке бөленді

Әлемде жыл сайын 670 миллион килограмнан астам пластик шығарылады. Ал оның көп бөлігі қайта өңделмей қалып, қоршаған ортаға теріс әсерін тигізіп жатыр. Қазіргі таңда "пластикалық ластану" деген ұғым қалыптасты. Бұл ауқымды мәселемен әр ел әр түрлі күресіп жатыр. Алайда, біз бай табиғатымызды қорғау үшін бүкіл әлем болып бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруымыз керек. Өйткені оның салдарынан табиғат байлықтары кеми түседі. 

Өкінішке орай пластикалық ластанудың зардабы өз басымызға келмесе, бей-жай қараймыз. Бұл видеоны жасаушылар жай тәжірибе жүргізді. Олар пластикалық бөтелкені ғимараттың еденіне тастап, жанына қоқыс тастайтын жәшік қойды. Алайда сол жердегі адамдардың басым көпшілігі жерде жатқан шыныға мән берген жоқ. Дегенмен бір қыз ерінбей бөтелкені көтереді. Сондағы халықтың құрметін төмендегі видеодан көре аласыздар.

Еденде жатқан бөтелкені көргенде сіз не істер едіңіз? Ұмытпайық, әлемді өзгерту үшін алдымен өзімізден бастауымыз керек.

Сурет: russian.alibaba.com

Ж. Исакаев