Әлемнің жаңа жеті кереметінің бірі - Игуасу сарқырамалары

Әлемнің жаңа жеті кереметінің бірі - Игуасу сарқырамалары

2011 жылы әлемнің жаңа жеті кереметі анықталғанын бәріміз жақсы білеміз. Соның бірі - Игуасу сарқырамалары. Иә, сарқырама емес, сарқырамалары. Себебі оның құрамында 275 сарқырама бар. 

Жалпы сарқыраманың ені - 4 км. Ол әлемдегі ең үлкен Виктория сарқырамасынан да 1,2 км көп. Судың құлау биіктігі 80 метрді құрайды. 

Бұл табиғаттың тылсым құбылысы - Аргентина мен Бразилияның шекарасы. Ал "Игуасу" деп үндістер атау берген. Ол термин "Үлкен су" дегенді білдіреді. 

Бұл кешендегі ең ерекше және үлкен сарқырама - "Шайтан жұтқыншағы" деп аталады. Оның формасы тағаға ұқсаған. 

Бұл табиғи жүйенің күштілігі соншалықты, бір минуттың ішінде 100000 м³ су құлайды. Алайда ең әдемі пейзажды тікұшақтан тамашалай аласыздар. Төбеден Игуасудың барлық кешендерін көруге болады. 

Қазіргі таңда сарқырамалар өзінің сұлулығымен мыңдаған туристі қуантуда. 

Оқи отырыңыз:

Спортты сүйетін 72 жасар әже (видео)

«Жоқтығымен» әйгілі мемлекеттер

Қысқы демалыста таудан басқа қай жерге баруға болады?

Хайуанаттар бағындағы пілдердің махаббаты

Сурет: ukr-brazil.com, lifeworld-h.blogspot.com

Ж. Исакаев