- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Бірінші дүниежүзілік соғыс...
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ең жас жауынгер он жаста болған
Момчило Гавричу – Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ең жас жауынгер.
Момчило Гавричу 1906 жылы Сербия елінде Трбушница ауылында дүниеге келген. Ол отбасында он бір баланың тоғызыншысы саналады. 1914 жылы тамыз айында Австрия-Венгрия әскері Момчилоның әке-шешесін, апасын, әпке-қарындасы мен аға-інілерін қырып тастаған. Ал Момчилоның өзі болса, ол уақытта көрші ауылындағы ағасының үйінде болып, тірі қалады.
Жақындарынан айырылған Момчило кек алу мақсатында Сербия армиясының 6-шы артиллериялық дивизиясына жөнеледі. Онда майор лауазымы бар Стефан есімді әскер басшысы баланың бесіктен белі шықпай жатып, тағдыр тауқыметін көргенін естіп, әскер құрамына жұмысқа алуға бел буады. Момчило жұмысқа алған күннен бастап австро-венгриялық әскерге тыңшылық жасайды, орналасқан жерін көрсетеді.
Момчило 8 жасында шайқасқа қатысып, капрал атағын алған. Сөйтіп алғаш рет әскер формасын киіп, шағын бөлімшені басқара бастайды. Штаб бастығының бұйрығымен оның бөлімшесі Салоникиге әскери жорыққа аттандырған уақытта оны майор Тукович грекиялық Аминтеоге оқуға жібереді. Онда ол 4 жылдық білімді экстерн түрінде тапсырып, алғашқы білімін сонда аяқтайды.
Каймакчаланда әскер басы Живочин Мишич әскер формасын киген он жастағы баланың окопта жатқанын байқап, түсіне қоймайды. Кейіннен майор Тукович баланың соғыс кезінде жасаған ерлігі мен бастан кешкен оқиғасын айтып береді. Тіпті шайқас кезінде бір мәрте жарақаттанғанын баяндайды. Мұны естіген әскер басы Момчилоға бүкіл дивизия алдында кіші сержант атағын табыс еткен.
Соғыс аяқталғаннан кейін Гаврич Британия өкіметіндегі жетім балаларға арналған көмек көрсету орталығына түседі. Ол өзінің оқуын Англияда Генри Рейтте (қазіргі королева Елизаветаның гимназия мектебі) тәмамдайды. 1921 жылы қайтадан Сербия еліне оралады.
Момчило Гавричу 1993 жылы Белград қаласында өмірден озған. Қазірде оның ескерткіш мүсіндері Кофру аралы мен Лозница қаласы мұражайында тұр.
Оқи отырыңыз:
Африка құрлығында да тау шаңғы шипажайы бар
Брюс Лиге ұқсайтын ауғандық жас – Аббас Абулфазл
"Жыл селфиі" жарты күннің ішінде 20 мың лайк жинады
Сурет: sammler
Н. Нұрмаханұлы