Брюс Лиге ұқсайтын ауғандық жас – Аббас Абулфазл

Брюс Лиге ұқсайтын ауғандық жас – Аббас Абулфазл

Бұл жігіттің аты Аббас Абулфазл. Қазір Кабул қаласында тұрады. Ол атақты кино әртісі, тхэквондошы Брюс Лиге қатты ұқсайтынымен әлемге танымал екен. Жас жігіт биыл 20 жаста. Оның өз ортасында «Bruce Hazara» деген атағы да бар екен. Ол Брюс Лиге тек келбет-кескін жағынан ғана емес, өнері жағынан да ұқсағысы келеді екен. Қос таяқ өнерін де жақсы меңгерген Аббас осыдан аз уақыт бұрын Кабул қаласында өткен ушу чемпионатында бас жүлдені де жеңіп алған.

Сурет: itc.cn

M. Auelkhan