Аюды құтқарған азамат

Аюды құтқарған азамат

Флоридада бір қара аю орманнан қалаға кездейсоқ шығып кетіпті. Жанына жақындауға қорыққан полиция қызметкерлері аюға алыстан тұрып, ұйықтататын оқ атқан. Дәрі жағылған оқ дөп тигенімен, алып аюға бірден әсер ете қоймаған. Қауіптен қорыққан аю қашып келіп, теңізге түседі. Теңіздің орта тұсына жете бергенде, аю дәрінің әсерінен ұйқысырап, суға батып бара жатады. Жағада кетіп бара жатқан Адам Уорвик есімді азамат оны құтқаруға бел буып, артынша теңізге түскен. Куәгерлер Адамның шамамен 200 кг-дық аюды 20 метр қашықтықта арқалап келгенін көріп, таңқалады. Талайды таңғалдырған бұл күнді Адам да, қара аю да ұмытпайтыны белгілі. Міне, осылай алып аю батыл жігіттің мейірімділігінің арқасында тірі қалған.

Сурет: img-fotki.yandex.ru, adme.ru.

Е. Жұмабайұлы