Гиннесc рекордтар кітабы – 2014 (2)

Гиннесc рекордтар кітабы – 2014 (2)

Басы

Гиннесc рекордтар кітабының төрешілері өздерінің 2014 жылғы жинағына енгізген соңғы рекордтары туралы ақпараттың жалғасын сіздерге ұсынамыз.

9. Ең үлкен мотоцикл


Салмағы 5 тоннаға жететін мотоциклды итальяндық дизайнер Фабио Реджиани жасапты. Ол өзінің туындысын қарапайым мотоциклден 6 есе үлкейтіп жасаған. Оның биіктігі 5,10 метр. Жаңа рекордтық мотоны жеті жігіт жеті ай бойы құрастыған.

10. Қозғала алатын ең кішкене көлік


63 сантиметрлік автомобильді америкалық Остин Коулсон құрастырған. Ойыншық тәрізді демесеңіз, көлік жүруге тиімді, ресми түрде тіркелген. Тіпті, сағатына 53 шақырымға дейін жете алады екен.

11. Ең үлкен соқпалы музыкалық аспаптар жинағы


Соқпалы музыкалық аспаптардың биіктігі 6,4 метрге жетіп, ал ені 8 метрді құрайды. Бұл идеяны аустриялық Drumartic тобының энтузиастары жүзеге асырған.

12. Ең аласа есек


Әлемдегі ең аласа бойлы есек Жерорта теңізі жағалауының тумасы екен. KneeHi лақаб атына ие болған есек 6 жасқа толса да, бойы 64 см-ден аспаған.

13. Ең үлкен қолданбалы велосипед


Велосипед дөңгелегінің диаметрі 3,2 метр. Оны неміс Диди Зенфтом есімді жігіт құрастырған.

14. Ең ұзын сақалды әйел


Вивиан Уилердің сақалы 25,5 см-ге жетеді. Аталған рекорд тағы да сол италиялық Lo Show Dei Record шоуында ресми тіркелген.

15. Әлемдегі ең үлкен мысық


Геркулес атты жолбарыс Оңтүстік Каролинаның табиғи қорығында өмір сүреді. Мысықтың салмағы 418 кг, ал бойы 3,3 метрге жетеді.

16. Ең биік орындық


Биіктігі 30 метр болған қарапайым орындық.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: creativing.net

Ж. Өрісбай