Гиннесc рекордтар Кітабы – 2014 (1)

Гиннесc рекордтар Кітабы – 2014 (1)

Гиннесc рекордтар кітабының төрешілері өздерінің 2014 жылғы жинағына енгізген соңғы рекордтары туралы ақпаратты сіздерге ұсынамыз.

Кітапқа ең үлкен мотоцикл немесе ең кішкене ит дейтіндей дәстүрлі жаңалықтар топтастырылған. Қазіргі кезде «Гиннесc рекордтар Кітабы» ағылшын тілінде әлемнің 100 елінде басып шығарылады және 37 тілге аударылып қайта басылып отырады. Естеріңізге сала кетсек, ең алғашқы басылым 1955 жылы шыққан болатын. Сол кезде белгісіз цикл бірден әлемдік беделге ие болды.

1. Ешкі-скейтбордист


Суреттегі ешкі бар болғаны 25 секунд скейтбордта ұшып, 36 метрге дейін бара алған.

2. Ең үлкен қозғалатын Айдаһар


Немістің Zollner Elektronik компаниясы құрастырған алып айдаһардың бойы 15,7 метр болып, ені 12,3 метрге дейін жеткен. Ал биіктігі 8,2 метрді қамтыпты.

3. Шаңсорғыштардың ең үлкен жинағы


Джеймс Браун есімді ағылшын өзінің 322 түрлі модельге ие болған шаңсорғыштарымен аталған кітаптың бетінен орын алған. Британ азаматы өз жинағын 8 жыл бойы топтастырыпты. Мақсаты үйдегі тазалау жұмыстарында шаңсорғыштың қайсысы жақсы жұмыс істеуін анықтау ғана болған екен.

4. Биік өкшемен 100 метрге жүгірудің үздік көрсеткіші


Германиялық Джулия Плечер өзінің биік өкшелі аяқ киімінде 100 метр қашықтыққа 14,531 секундта жетіп келген.

5. Тіршілік ететін иттердің ең кішкентай түрі


Бойы 9,65 см болған Милли лақап атына ие ит осындай атақты иемденіп отыр. Ол чихуахуа тұқымынан болып, Пуэрто-Рикода өмір сүреді екен. Оның қамқоршысы Ванессой Семлердің айтуынша, Милли кішкене кезінде оны тамызғышпен тамақтандырған екен.

6. Тартылған арқанмен жылдам жүре алған ит


Оззи есімді ит Анлгияда өткен F.A.I.T.H жануарларды құтқару көрмесінде тартылған арқан арқылы 18,22 метр қашықтыққа өтіп кете алған.

7. Лимбо-роллермен ең төмен деңгейде ұшу


12 жасар үндістандық Рохан Кокане  роликте 25 см биіктікпен 10 метрге дейін қозғала алған. Бұл рекорд итальяндық Lo Show Dei Record телешоуында расталды.

8. «Жұлдыздар соғысы» заттарының ең үлкен жинағы


Калифорниялық Стив Сансвит аталған кинофильмге қатысты 300 мың ерекше заттарды жинаған екен. Дегенмен, жуырда рекордтық нәтиженің сарапшылары оның үйінен 90 546 затты анықтай алған. Осы көрсеткіштің өзі де жаңа рекордқа жеткілікті болыпты.

Жалғасы

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: creativing.net

Ж. Өрісбай