Эйфель мұнарасы 125 жылдан соң (Фото)

Эйфель мұнарасы 125 жылдан соң (Фото)

Әлемдегі ең танымал сәулет туындысы, Францияның басты символы – Эйфель мұнарасына биыл 125 жыл толды.

Париждің атақты архитектуралық туындысы 1789 жылы болған революцияның жүз жылдық мерейтойын атап өту мақсатында дүниежүзілік көрме үшін уақытша ғимарат ретінде 1889 жылғы әлемдік көрменің кіреберіс дарбазасы қызметін атқару үшін жобаланып, салынған болатын. Манхеттендегі Крайслер салынғанға дейін 40 жыл бойы әлемдегі ең биік мұнара болып саналды. Францияның символына айналған Эйфель мұнарасының биіктігі – оның құзар басындағы антеннасымен қоса есептегенде 322 метр. Ал салмағы он мың тонна. Алып мұнара үш бөліктен тұрады. Ең үстінде орналасқан үшінші бөлігі 274 метр биіктікте орналасқан. Оның төбесіне не лифтімен, не 1792 қатарлы сатымен жаяу көтерілуге болады.

Ол бүгінде Францияның символына ғана айналып қоймай, жылына 53 миллион евро пайда әкелетін үлкен табыс көзі болды.

Мұнараның атын оны жасап шыққан конструктор Густав Эйфельдің құрметіне қойған. Г.Эйфельдің сызбасы 700 жобаның ішіндегі ең үздігі деп танылып, конкурсты жеңіп алады.

Алайда,  кезінде француз халқы Эйфельдің салынуына қарсы болған. Тіпті, атақты француз жазушысы Ги де Мопассан Эйфель мұнарасын «құбыжық қаңқаға» теңеген. Ол оны жек көргені сондай, француз элитасын оған қарсы қойып, оны қайтадан құлатып тастауға атсалысқан. Француз жазушысының мұнара жайлы: «Мен Эйфель мұнарасын көрмес үшін Эйфель мұнарасының ішінде отырып, мейрамханада тамақтанамын. Өйткені, бұл мұнараны Париж бойынша тек осы жерден ғана көрмеуге болады» - деген екен. Сол уақытта көп адам жақтырмаған сәулет өнері қазірде әлемдегі ең танымал символдардың қатарында. Міне, осы ғажайып Эйфель мұнарасы биылғы наурыз айында 125 жылдық тарихы бар сәулет өнеріне айналды. 

Париждің 7-аймағындағы үйден көрініс, 20 наурыз, 2014 жыл

Балалар Марс алаңында ойын ойнауда, 23 наурыз, 2014 жыл

Эйфель мұнарасы, 20 наурыз, 2014 жыл

Кәдесыйлар сатушы, Париж, 20 наурыз, 2014 жыл

Сена өзенінің оң жақ жағалауынан көрініс, 22 наурыз, 2014 жыл

Авеню де Сюффрен қонақ үйінен көрініс, 23 наурыз, 2014 жыл

«Ciel de Paris» мейрамханасынан көрініс, 25 наурыз, 2014 жыл

Эйфель мұнарасының ішінде суретке түсіп тұрған әйел, 26 наурыз, 2014 жыл

Эйфель мұнарасының лифті, 26 наурыз, 2014 жыл

Эйфель мұнарасының бірінші бөлігінде тұрған ғашықтар, 26 наурыз, 2014 жыл

Эйфель мұнарасының ең жоғарғы қабатынан көрініс, 26 наурыз, 2014 жыл

Эйфель мұнарасының ең жоғарғы қабаты, 26 наурыз, 2014 жыл

 

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: oxyxo.ru

Ұқсас жазбалар:

Эйфель мұнарасы

31 наурыз - Эйфель мұнарасының салтанатты түрде ашылған күні

Эйфель мұнарасын сатып жіберген адам

Эйфель мұнарасының панорамасы жасалды


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар