Оқи отырыңыз

Адам тек жаңа туған кезінде, содан соң тек өлер сәтінде ғана бар күнәһарлықтан таза, ақ, адал сезімнің айдынында жүзе алады

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Өтірік делініп келген шындықтар

Өтірік делініп келген шындықтар

Өтірік делініп келген шындықтар

Бұл фактілерді оқысаңыз таңғалатыныңызға кепілдік береміз. Бірақ бұл деректерді бұған дейін аңызға балап келген екенбіз.

1. Сусиырдың сүті алқызыл түсті болады екен.

2. Ресейдің жер аумағы Плутонның жалпы көлемінен үлкен.

3. Барби қуыршағының толық аты-жөні Барби Барбара Миллисент Робертс.

4. Көк киттің жүрегінің үлкендігі сонша, оның қан тамырларынан адам да өте алады.

5. Сауда автоматтарынан жапа шеккендер санынан акула тісінен жарақат алғандардың саны әлдеқайда көбірек.

6. Оксфорд университеті ацтектер империясынан да ерте құрылыпты.

7. Жалғыз мүйіз Шотландияның ұлттық жануарлары қатарында екен.

8. Құлпынай жеміс емес, ал банан, қарбыз және авокадо жеміс түріне жатады.

9. Солтүстік Корея мен Финляндияны жалғыз ғана ел бөліп тұр – Ресей.

10. Египеттіктер ұлы пирамиданы соғып болғаннан кейін 1000 жыл өткен соң мамонттар тұқымы жоғалып кеткен.

11. Әлемде тірі фламингоға қарағанда оның ойыншық түрлері көбірек екен.

12. АҚШ-тың оныншы президенті Джон Тайлердің немересі бүгінге дейін тірі екен.

13. Адамдар мен банандардың ДНҚ-сы 50 пайызға дейін ұқсас келеді.

14. Аляска – АҚШ-тың ең солтүстік, ең шығыс және ең батысында орналасқан штат екен.

15. Ғалымдар Плутонды байқаған сәттен бері ол күнді бір де бір рет айналмапты.

16. Бал ешқашан бұзылмайды екен.

17. АҚШ-та Макдоналдьс асханаларына қарағанда кітапханасы көбірек.

18. Адамдар мен құмырсқаларды санағанда бір адамға – 1,6 миллион құмырсқадан келеді. Ал орташа салмағын өлшеп көрсе, адамдар мен құмырсқалардың салмағы бірдей.

19. Сегізаяқтың үш жүрегі бар.

20. Сатурн мен Юпитерге гауһар тастан жаңбыр жауады екен.

21. Егер Юпитер жерге айдың қашықтығындай жерде орналасса, мына суреттегідей көрінетін еді.

22. Құмға микроскоппен қарасаңыз мынадай көрініс пайда болады.

23. Біздің ағзамызда жасушаларға қарағанда бактериялар 10 есе көп.

24. Адамзат екі минут ішінде бүкіл XIX ғасырдағы түсірілген суреттен де көп фотоға түсіреді екен.

25. Арахис жаңғақ емес, сондықтан да оны бұршақ типтестер қатарына жатқызады.

26. Кешью жаңғағы осылай өседі:

27. Марио ойынының кейіпкері блоктарды басымен емес, қолымен жарады.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: homester.com

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 26 наурыз 2014, 09:31
Пікірлер
+0
26 наурыз 2014, 10:26

ана жүректің үлкенін-ай...

+0
26 наурыз 2014, 11:44

Ойландыратын фактілер екен, кеш ю тобының атауы осы жаңғаққа байланысты ма сонда...

+0
26 наурыз 2014, 12:17

:mrgreen:

+0
26 наурыз 2014, 12:20

шынымен таңғажайып жайттар екен, бірақ Қазақстанды Ресеймен бір түске бояп қойғаны секем тудыратын дүние екен

+0
26 наурыз 2014, 12:39

керемет, қызықты фактілер екен :mrgreen:

+0
26 наурыз 2014, 12:40

күштііі қандай, әсіресе Юпитер әдемі :lol: :lol: :lol:

+0
26 наурыз 2014, 13:19

Құмның түрі таңғалдырды.

+0
26 наурыз 2014, 18:09

Сатурн мен Юпитерге барғым кеп кетті ғооойй))))))))

+0
26 наурыз 2014, 18:26

Адамға қажетсіз сандырақ

+0
26 наурыз 2014, 18:27

http://vk.com/bay_qazaq қосыл арманға жолды бірге іздейік

+0
26 наурыз 2014, 19:26

Айдың орнына Юпитер болса магнит тартылмай ма

+0
26 наурыз 2014, 21:03

жерге де гауһар тас жауса ғой шіркін :?

+0
26 наурыз 2014, 23:27

Өте қажет мәліметтер екен, біле жүретін болдық.

+0
27 наурыз 2014, 21:06

Юпитер ote ulken eken kudai caktacn :|

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.