Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Жұмысқа кел, жас маман!
Жұмысқа кел, жас маман!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Гүлге ұқсайтын көл

Гүлге ұқсайтын көл

Гүлге ұқсайтын көл

Әлемдегі ең әдемі су қоймаларының бірі және АҚШ-тың ұлттық мұрасы – "Таң сұлуы" көлі Йеллоун саябағының аймағында орналасқан. Бұл жер өзінің ыстық бастауларымен, гейзерлерімен жақсы танымал.

"Таң сұлуы" деген атауды естігенде абдырап қалғаныңызды түсініп те отырмыз. Көл осынау ерекше атауды Convolutius деп аталатын шырмауық тектес гүлдің құрметіне иемденген. "Convolutius" сөзін біздің тілімізге аударғанда "таңғы сұлулық" немесе "таңғы сәуле" дегенді білдіреді екен. Ал енді көлдің гүлге қандай қатысы бар десеңіз, мына суретке назар аударыңыз:

Яғни, көл мына бір шырмауыққа ұқас келеді. Бұл ерекшелікті 1883 жылы саябақ басқарушысы орынбасарының әйелі Макгоуэн ханым байқаған. Ол кезде су қоймасының түсі күлгін болып, шынында да осы гүлдің егізіндей болған екен. 1899 жылы кездейсоқ айтылған атау ресми түрде бекітіледі.


Өкінішке орай, бір ғасырдан астам уақыт ішінде көл адам танымастай болып өзгерді. Саябаққа келушілер оған әр түрлі қоқыстарды, тиындарды тастап, ластайды, кейіннен негізгі аузы бітеліп қалады. "Таң сұлуының" қайта жандануына адамдар да қатысады. Қалай десеңіз, алуан түрлі микроағзалардың пайда болуынан көлдің түсі де өзгерді. Саңырауқұлақтар мен балдырлар көлге жасыл рең беріп, біржасушалылар сарғыш түсті шығарады. Онан басқа қызыл қоңыр, сары түстер де байқалады. Мұндай керемет көрініске таңданбау мүмкін емес!


Көлдің суы мөлдір әрі таза. Бір қызығы, судың түсі ауа-райына байланысты өзгеріп тұрады екен: көгілдір, күлгін, жасыл, сары, сарғыш, қызыл қоңыр түсті көруге болады. 

Таңғажайып көлді көруге барғандар сүңгіп кеткісі келетіндерін айтады. Алайда мұндай ақымақтыққа жол бермеу керек. Себебі, су температурасы 90˚С болса, тереңдігі – 2 шақырым. Көлге батып кетіп қана қоймай, күйіп, қайнап шығуға болады.


Бүгінде саябақ бақылаушылары көлді тазарту үшін түрлі шараларды қолға алуда. Мәселен, сәттілік нышаны ретінде тиын тастауға қатаң тыйым салынған. Заңды бұзғандарға 1000 доллар көлемінде айыппұл салынады. Қоқыстарды тазарту жұмыстары да жиі жүргізіліп тұрады.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com

15576 7
Рейтинг: +3

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 12 наурыз 2014, 11:46
Пікірлер
+0
12 наурыз 2014, 11:41

:mrgreen:

+0
12 наурыз 2014, 15:38

;) Әдемі екен...

+0
12 наурыз 2014, 17:50

Әдемі, табиғат шебер ғой

+0
29 наурыз 2014, 13:53

Қарасаң көз тоймайды екен))))) :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...