Ескі және Жаңа әлем маймылдары

Ескі және Жаңа әлем маймылдары

Жер бетінде маймылдардың 250-ден астам түрі бар. Солай болса да, олар бар болғаны екі топқа бөлінеді: Ескі әлем және Жаңа әлем маймылдары. Сіз бұл туралы білуші ма едіңіз? Алғаш рет естуіңіз болса, оларды ажыратуды бізбен бірге үйреніңіз.

Шамамен осыдан 30 миллион жыл бұрын Ескі әлем маймылдары әртүрлі жолдармен (мысалы, ағаш діңдері арқылы) Алтлант мұхиты арқылы Африкадан Оңтүстік Америкаға қоныс аударады. Уақыт өте келе осы приматтар эволюция жолымен дамып, бүгін біз атап жүрген Жаңа әлем маймылдарына айналып кетті.

Жаңа әлем мен Ескі әлемнің маймылдарын құйрықтары арқылы ажыратуға болады. Жаңа әлем маймылдары дәстүр бойынша өмірінің көп бөлігін ағаш басында өткізеді. Сол себептен де олардың көпшілігінде жабысқақ, иілгіш құйрықтар болады. Маймылдар мұны секіргенде бұталардан ұстау үшін қолданады. Ал Ескі әлем маймылдарында ұстағыш құйрық болмайды. Және олардың басым бөлігі ағашта емес, жер бетінде өмір сүреді. Оларды құйымшақтары арқылы ажырата аласыздар.

Байқаған болсаңыз, маймылдардың беттері жалпақ келеді. Ал Ескі әлем маймылдарының мұрындары үлкен, танаулары таңқиған болады, сондай-ақ, кейбірінде тамақтарын жасыруға арналған жақ сыртында орналасқан қалталары болады. Жаңа әлем маймылдарының мұрындары жалпақ болады.

Маймылдардың қолдары адамның қолына қатты ұқсайды деп жатамыз. Бір қызығы, Ескі әлем маймылдарының бас бармақтары теріс қарап қалған. Олар осы саусақ арқылы әртүрлі заттарды оңай ұстап жүре алады.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com