Бір минутта қанша экологиялық апат болады?

Бір минутта қанша экологиялық апат болады?

Егістік жер

Дүние жүзінде минутына 40 гектар, жылына 21 миллион гектар егістік жер зияндалады.

Орман

Дүние жүзі бойынша минутына 21 гектар, жылына 11 миллион гектар орман ойрандалады.

Құмайттану

Дүние жүзі бойынша минутына 11 гектар жер құмайттанады, жылына құмайттанатын жер 6 миллион гектарға жетеді.

Лас су

Дүние жүзі бойынша минутына 850 мың тонна, жылына 450 миллиард тонна лас су өзен-көлдер мен теңізге құйылады.

Құмды лай

Дүние жүзі бойынша минутына 48 мың тонна, жылына 25 миллиард тонна құмды лай теңізге құйылады.

Адам

Дүние жүзінде минутына 28 адам экологиялық ортаның ластануы салдарынан өледі, бір жылда өлетіндердің саны 15 миллион адамға жетеді.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: evolutionist.ru 

M. Auelkhan