Әшкереленіп қалған ерекше құпиялар

Әшкереленіп қалған ерекше құпиялар

Уики соғыс құпиясы

Уикиликс – 2010 жылы қазан айының 22-сы күні АҚШ әскери жағының Ирак жөніндегі 391 мың 832 құжаты жарияланып, тарихтағы ең ауыр құпиялықты әшкерелеу оқиғасы туылды. Жарияланған құжат 2003 жылдан 2009 жылға дейінгі аралықтағы мұрағатында барлық әскери тұтқындарды жәбірлеу, әйелдерге зорлық жасау, қасқана кісі өлтіру сынды қылмыстардың бәрі жіпке тізгендей жазылған-ды. Мұның барлығы АҚШ армиясының істегендері. 15 мыңнан астам қарапайым халықтың қаза болғаны және 66 мың Ирак тұрғындарының соғыс алапаты кесірінен көз жұмғаны да жазылған.

Су сарайы оқиғасы

1972 жылы маусым айында бес адам демократия партиясы мемлекеттік кеңсесіне кіріп жасырын тыңдағыш орнатпақшы болған кезде ұсталып қалған. Соңынан, «Вашингтон пост» газетінің тілшісі Бочер Уод пен Карг Бонистон бұл іске журналистік зерттеу жасап, ақыр соңында олар АҚШ тарихындағы ең үлкен саяси қылмыстық істі әшкерелеген. Осы оқиға себебінен Никсон президент 1974 жылы міндетінен босады.

Өтірік өсек

АҚШ әскері 2003 жылы Ирак жеріне кірді. Дәл осы кезде Буш үкіметі осы соғыстың себебі жайлы халық арасында көптеген өсек-аяң мен сыбыстар таратып үлгерді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Ирак үкіметі мен көсемдерінің Әл-Каидаға ешқандай да қатысы жоқ және ешқандай да қырғындағыш қарудың болмағанын анықтады.

Апач оқиғасы

2007 жылы шілдеде Уикиликс АҚШ-тың апач әскери тікұшағының Бағдат қаласында 22 жастағы Рейтер агенттігінің фототілшісі Тамир Нұрерденді атып өлтірген видеосын жариялады. АҚШ әскерлері бұл істің мәнін Ерден және оның жолдастарының қолындағы фотоаппараттарды қару деп қате танығаны үшін оқ атты деп түсіндірді.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: theguardian.com

M. Auelkhan