Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Әлемнің ерекше 10 саябағы

Әлемнің ерекше 10 саябағы

Әлемнің ерекше 10 саябағы

Табиғат – үздік суретші сынды, бірақ оның жасағанын адам баласының қолы өзгертіп, сол өзгерткені ерекшелік болып көрінетіні бар. Яғни, антропгендік өзгерістер. Бұл үдерістің нәтижесі бүгінгі таңда дамыған технологиямен бірге жаңалықтың соңын ала жаңалық беріп жатыр. Бұл ретте оқырмандарға төрткүл дүниедегі өзіндік ерекшелігімен өзгешеленетін 10 саябақты ұсынбақпыз.

1. 200 Будда саябағы, Лаос

Бұл саябақ Лаостағы діни көшбасшылардың бірі Бунлыа Сулитаттың бастамасымен жасалған. Жұмыс ұзаққа созылып, Сулитат оны аяқтатып үлгермеген.

Саябақтың аты айтып тұрғандай әр түрлі будда дінімен тығыз байланысты 200 мүсін жинақталған. Оның ішінде Будда, жылан, буддалық мифтердің құдайлары мен батырларының мүсіндері бар. Әр ескерткіш мұқият түрде жасалған. Мұны қасына жақын барған адам анық байқайды. Кейбіреулерінің ұзындығы 20 метрге жетсе, енді бірінікі бес жасар баланың бойына жетпейді.

Саябақ Лаостың Нонг Кхай қаласынан небәрі 5 шақырым жерде орналасқан.

2. Жасыл көл, Аустрия

Жасыл көл саябағы Аустрияның Трагоэсс қаласында орналасқан. Ерекшелігі - қыс кезінде де клумблар мен аллеялар өз қалпын бұзбайтыны. Саяхатшылар бұл жерге табиғаттың әсем көрінісін тамашалауға ыңғайлы орындарға отырып-ақ қызыққа қанады. Ал жазда көлдің көлемі ұлғайып, 2 метрге тереңдейді. Сол уақытта жасыл бақ судың астында қалады.

3. Күнәһарлар саябағы, Тайланд

Бұл орынға психикалық ауытқушылыққа ұшыраған адамдардың кіруіне тыйым салынған. Бангкоктан 40 шақырым жердегі Будда храмының аумағында орналасқан саябақта әр қалыптағы діни, аңыз-әпсанада айтылатын мүсіндер бар. Жасаушылар көпшілікке саябақ атауының екінші мағынасын «жер үстіндегі тозақ» деп түсіндіреді. Дене қалыптары мен бастары жердің астында деп есептеп, сансыз қолдардың жан ұшыра көмек сұрап жатқанын елестететін саябақ суреттері жан түршіктіреді.

Тайландтықтар саябаққа естияр балаларын тәрбиелік мәні бар деп ертіп әкеледі. Өмірде күнә жасасаңдар осындай азап шегесіңдер деп үндейді екен.

4. Ғарыштық толғаныстар саябағы, Шотландия

Саябақ ашушылар ерлі-зайыпты Чарльз Дженкс пен Мэгги Чесвиктің айтуынша бұл демалыс орны келушілерге жер жаһанның және адамдар өмір сүрмейтін ғаламшарлардың кішкентай кескінін ұсыну арқылы жаңа идеялардың тууына әсер ету. Сол себепті осы орынға заманауи ғылымдармен айналысатындар жиі келетін көрінеді. Бұл саябаққа «бір түрлі» деген сын есім жарасады, себебі барлық құрылымдар мен қойылған денелер, заттар бір түрлі қалыпта, бір түрлі түсте. Қысқаша айтқанда, жер бетіндегі адам қолымен жасалған ең таңғаларлық орындардың бірі.

5. Жасампаздық мұражайы, АҚШ


Жердің пайда болу эволюциясын адамдарға көрсету мақсатында жасалған саябақ – Жасампаздық мұражайы. Келушілерге алып динозаврлар мен Нұх пайғамбар кемесінің жаңғыртылған нұсқасы (адамның ой-өрісі бойынша) ұсынылады. Сондай-ақ әйнек қоршауларда бағзы замандардағы жан-жануарлардың сүйектері қойылған. Мұражай эскпонаттарын көру арқылы жер қалай пайда болған дейтін үлкен сауалға жауап ізделеді. Әрине, баршасының тек ғылыми түрде зерттеліп, зердеден өткенін айта кетейік.

6. Кёкенхоф гүлдері саябағы, Нидерланды


Кёкенхоф дүние жүзіндегі қызғалдақ өсетін алаңдарының алыптығымен алдыңғы орынға шығатын танымал мекен. Нидерланды Корольдігі дегенде осы Кёкенхоф еске түседі.

32 гектарлық саябақта 100-ден аса гүл түрі өседі. Қызғалдақтан бөлек сирень, орхидея, лала гүлдері де жайқалып тұрады. Көктемде саябаққа 800 мыңға жуық саяхатшы келеді. Бақ тек наурыз бен мамыр аралығында ғана есігін айқара ашады.

7. Франциско Альварадо саябағы, Коста-Рика


Бұл саябақ нағыз ландшафтты дизайнмен жасалған ғажайып орын. Қыдырғандар болса, әр қадам басқан сайын піл мауырлары мен маймылдарға кезігіп отырады. Ал бастысы – тірі өсімдіктердің лабиринті. Келген қонақтар саябақ аралап шыққанша өсімдіктерден жасалған жасыл доғадан өтіп, өзгермелі жолдар арқылы жүріп, дене мүшелері мен бет әлпеті тастардан жасалған алып әйелдің дене қалыбын тамашалай алады.

8. Джуронгтегі құстар саябағы, Сингапур

Джуронгте дүние жүзіндегі құстардың баршасы бар. Алқаптың негізгі бөлігінде Оңтүстік-Шығыс Азиядан әкелінген құстар шоғырланған. Дегенмен көптеген құстардың түрлері Еуропа, Америка, Африкадан да жеткізілген. Қызықтаушы қонақтар саябақты тамашалай жүріп, бір сиқырға таңғалады. Ол – құстардың еркіндігі, ешқандай тор мен шектеулі аймақтың белгіленбеуі. Қызығы, құстардың жағдайы жасалған. Мәселен, пингвиндерге арнайы кондиционер қойылса, қоқиқаздарға үлкен жасанды су қоймасы бар және т.б.

Келушілердің көбі 110-ға жуық түрі бар ақылды тотықұстарды қызықтайды. Арнайы повильондар мен жасанды сарқырамалардың маңында әлемнің әр бұрышында тіршілік ететін 1500-дей құстың түрі бар. Бұл саябақта қонақтарға  болмайтын, рұқсат берілмеген, нәрсе, ол – құстарды тамақтандыру.

9. Ергежейлілер патшалығы, Қытай

Анығында мұны саябақ деуге келмейді. Аз уақыттан кейін Ергежейлілер патшалығын тек қана кішкентай адамдар тұратын елді мекен деуге әбден болатындай. Саябақ аумағында арнайы жеке мектеп, аурухана, дүкен сияқты халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Бірақ саябақ есігі келушілерге ашылған кезде жергілікті кішкентай адамдар ертегілер еліндегідей киініп, өз үйлерінде экскурсия жүргізеді. Өйткені олардың үй-жайлары да көруге қызығушылық тудырады.

Қытай үкіметі бұл орыннан жоғары көлемдегі табыс өндіруді көздемейді, сол себепті саябақ ретінде емес елді мекен есебінде қабылданады.

10. Шахмат саябағы, Жапония


Жапондықтардың Осака қаласының жағалауында шахмат ойынының құрметіне арнайы демалыс орны ашылыпты. Жолдар, орындықтар, бабалар ойыншықтары – бәрі-бәрі шахмат түрінде жасалған. Саябақтың әр-әр жерлерінен шахмат, нарды, дойбы сынды үстел ойындарын ойнайтын қолайлы орындар қарастырылған. Саяхатшылардың тарапынан танымалдылыққа ие болмағанмен, бұл саябақ жергілікті тұрғындар үшін балаларымен бірге келіп бірауық демалғанға таптырмайтын орын.

Саябақтың тағы бір ерекшелігі қолжетімді бағадағы нәрселерден жасалған және экологиялық таза материалдар қолданылған. Егер Жапонияға барар болсаңыз, Шахмат саябағына соға кетуді ұмытпаңыз.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: billionnews.ru

Дайындаған: Шерхан Талап
Қосылған күні: 26 желтоқсан 2013, 16:15

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.